Қазақстаннан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік берді. Былтырдан бері Монреаль қаласында Қазақстан Республикасының ICAO жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңсесі жұмыс істей бастады.

Халықаралық әуе тасымалдарының географиясы кеңейіп келеді. Бүгінде Қазақстан әлемнің 30-дан аса елімен тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Нью-Йорк, Токио және Сингапур қалаларына рейстер ашу мәселесі пысықталып жатыр.

Қазақстан Президенті былтыр Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар пайдалануға берілгенін айтты. Соның ішінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті алты есе, яғни жылына 2,5 миллионнан 14 миллион жолаушыға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан мен ICAO арасында қол қойылатын азаматтық авиация бас жоспарының маңызына тоқталды. Бұл құжат авиация секторын ұзақмерзімді дамыту стратегиясы ретінде қарастырылады.

Өз кезегінде ICAO кеңесінің президенті еліміздің азаматтық авиация саласындағы жетістіктерімен құттықтады. Ол Қазақстанда авиация қарқынды дамып, орнықты өсім көрсетіп отырғанына және нақты құрылымы жасақталғанына назар аударды.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.