12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 190 бала қаза тапқан

2025 жылғы 19 тамызда Абай облысында қайғылы жағдай болды. Жеңіл көлік жүргізушісі ойнап жүрген балаларды қағып кетті. Олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Өкінішке қарай, бұл бала өмірін қиған алғашқы да, жалғыз да жол апаты емес, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, биылғы 8 айда тек Абай облысының өзінде жол апатынан бес бала қаза тауып, тағы 222 бала зардап шеккен.

Ең көп жағдай Түркістан облысында болған: 34 бала қаза тапқан, 280-і жарақат алған. Қайғылы статистика бойынша екінші орында – Алматы облысы, 22 бала қаза тапқан, 858-і зардап шеккен. Үштікке Жамбыл облысы кіреді – 18 бала қаза тапқан, 513-і жарақат алған.

Басқа өңірлер бөлінісінде балалар өлімі туралы статистика:

  • Жетісу облысы – 12 бала қаза тапқан, 294 бала зардап шеккен;
  • Қарағанды облысы – 11 бала қаза тапқан, 101 бала зардап шеккен;
  • Ақтөбе облысы – 10 бала қаза тапқан, 454 бала зардап шеккен;
  • Атырау облысы – 10 бала қаза тапқан, 524 бала зардап шеккен;
  • Шымкент – 10 бала қаза тапқан, 357 бала зардап шеккен;
  • Маңғыстау облысы – 9 бала қаза тапқан, 508 бала зардап шеккен;
  • Батыс Қазақстан облысы – 8 бала қаза тапқан, 320 бала зардап шеккен;
  • Қызылорда облысы – 7 бала қаза тапқан, 282 бала зардап шеккен;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 7 бала қаза тапқан, 250 бала зардап шеккен;
  • Қостанай облысы – 6 бала қаза тапқан, 236 бала зардап шеккен;
  • Ақмола облысы – 5 бала қаза тапқан, 256 бала зардап шеккен;
  • Павлодар облысы – 3 бала қаза тапқан, 217 бала зардап шеккен;
  • Ұлытау облысы – 3 бала қаза тапқан, 92 бала зардап шеккен;
  • Астана – 3 бала қаза тапқан, 436 бала зардап шеккен;
  • Алматы – 2 бала қаза тапқан, 1202 бала зардап шеккен;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 бала қаза тапқан, 97 зардап шеккен.

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанда 0-ден 17 жасқа дейінгі 190 бала жол апатынан көз жұмып, 7508-і зардап шеккен.

qamqor.gov.kz сайтынан скриншот

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.