Қазақстанда зейнетке шығу жасы қашан өзгереді?

2025 жылы Қазақстанда зейнетке шығу жасы өзгеріссіз қалады. Әзірге ерлер мен әйелдер үшін жаңа ережелер қарастырылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдердің зейнет жасы кем дегенде 2027 жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады.

Қазақстандағы зейнет жасы

Зейнет жасы — көптеген елде маңызды тақырып және Қазақстан да одан қалыс емес. Ғаламдық экономикалық және демографиялық өзгерістер талабымен зейнет жасын көтеру халықаралық тәжірибеге айналуда. Өмір сүру ұзақтығының өсуі және халықтың қартаюы жұмыс істейтін азаматтарға салмақ салады, — дейді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанда бүгінде жалпы белгіленген зейнет жасы:

  • Ерлер: 63 жас.
  • Әйелдер: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;

Алайда 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған. Бұл үдеріс мынадай ретпен жүзеге асады:

  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;
  • 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;
  • 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас.

Осылайша, 2031 жылдан бастап Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасы бірдей — 63 жас болады.

Бұл неліктен маңызды?

Әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен арттыру — бұрыннан қарастырылған шара. Ол ерлер мен әйелдердің зейнетақы шарттарын теңестіруге бағытталған. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы мен зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 207-бабына сай кейбір азаматтардың бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жеңілдетілген жасы бар, олар жалпыға белгіленгеннен өзгеше болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар зейнетақы жүйесінде күрт өзгерістерді күтпеуі керек. Барлық өзгерістер алдын ала жоспарланып, біртіндеп енгізіледі.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.