Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы 11 жылда ең төмен деңгейге түсті

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Ал 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері бұл ең төменгі көрсеткіш болып отыр.

Бұл ретте аман-есен туған нәрестелер саны бойынша айтқанда, бірінші тоқсандағы көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Алайда соңғы толық 11 жыл ішінде бұл сан 90 мыңнан төмендеген емес. 2025 жылы туу көрсеткіші елдің барлық өңірінде төмендегені байқалады. Ең төмен көрсеткіштер Ақмола және Жетісу облыстарында тіркелген – тиісінше 22 пайызға және 20,1 пайызға азайған.

Жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштер әдетте үшінші тоқсанда тіркеледі – ең жоғары туу көрсеткіші 2020 және 2021 жылдары байқалған.

Ауылдық жерлердегі жағдай одан да нашар – минус 18,1 пайыз, ал қалада – 14,2 пайыз.

Жалпы туу коэффициенті де төмендеген – қазіргі деңгей 15,39, бұл 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,94-ке төмен.

Сондай-ақ, қайтыс болғандар саны 7,2 пайызға азайып, 31 мың адам болған.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.