Қазақстанда тағы бір маңызды медициналық қызмет тегін болады

Қазақстанда тағы бір маңызды медициналық қызмет тегін болады, яғни мемлекеттік кепілдік берілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакетіне енгізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымованың айтуынша, екінші жартыжылдықтан бастап онкоскринингтерді кезең-кезеңімен ТМККК жүйесіне көшіру жоспарланып отыр, бұл оларды барлық мақсатты топтар үшін қолжетімді етеді.

«Қолға алынған шараларды ескере отырып, скринингтердің тиімділігі едәуір артады деп күтіледі. Жаңа тәсілдер ауруларды ерте анықтауға, өлім-жітімді азайтуға және алдын алуға негізделген, халықтың ұзақ мерзімді денсаулығына бағытталған денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Қасымова ОКҚ брифингінде.

Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі бұл бұйрық биылғы қыркүйекте күшіне енетінін нақтылады. Осылайша, онкологиялық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінен ТМККК-ға ауысып, қазақстандықтар үшін тегін болады. Яғни, онкологиялық тексерістен өту үшін енді сақтандыру қажет емес, бұл процедураны жай ғана емханада жоспарлы тексеру аясында өтуге болады.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.