Қазақстанда суррогат аналардың шетел азаматтарына бала туып беруіне тыйым салынады

Қазақстанда суррогат аналарға тек ел азаматтарының тапсырыс беруіне рұқсат ететін өзгертулерді «Неке және отбасы туралы» кодекске енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.

Бүгінгі таңда заңнамаға сәйкес суррогат аналарға тапсырысты Қазақстан Республикасының азаматтары да, шетел азаматтары да бере алады. Алайда халықаралық суррогат ана болу тәжірибесінде түрлі жанжалдар мен сот процестері туындап отыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан аумағында суррогат ана қызметтерін тек Қазақстан азаматтарына ғана көрсетуге рұқсат ету жөніндегі норманы заң жүзінде бекіту қажет, – деп жазылған Қанат Бозымбаевтың жауабында.

Оның түсіндіруінше, Денсаулық сақтау министрлігі «Неке және отбасы туралы» кодексіне қажетті өзгертулерді әзірлеп қойған. Бұл мәселе енді мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр. Содан соң түзетулер белгіленген тәртіппен Парламентке енгізіледі.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.