Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеу енгізілмек

Қазақстанда сиыр еті экспортына квота енгізіледі. Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің мәліметінше, ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу және халықты ірі қара етімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізіледі. Тиісті бұйрық Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қабылданады.

Сондай-ақ, жиында Қазақстаннан көлік және теміржол көлігі арқылы бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

«Бұл шара ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтардан бастап жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, толуолды, ксилолды және мұнай битумын ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары шығаруға тыйым салу алты айға ұзартылады.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.