Қазақстанда семіздікке шалдыққан балалардың саны артып келеді

Қазақстанда бес жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақтың өсуі байқалып отыр. Статистикаға сәйкес, 8,7% бала семіздікке шалдыққан. Бұл дегеніміз әлемдік орта деңгейден жоғары көрсеткіш. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) мәліметінше, 2024 жылы артық салмақты балалар 5,5% болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі EnergyProm-ға сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, Орталық Азия елдерімен бірге Қазақстан да тамақтану тапшылығы мен артықтығы қатар кездесетін екіұдай жағдайда қалып отыр.

Бұған дейін өңірдің басты мәселесі аштық пен жеткіліксіз тамақтану болып саналса, енді әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында семіздік деңгейі өсіп келеді.

Бұл алаңдатарлық белгі. Өңір тамақтың жетіспеушілігінен оның артықтығына өтуде, бірақ тағам сапасы жақсармай отыр, — делінген FAO есебінде.

Деректер нені көрсетеді?

Орталық Азияда 5 жасқа дейінгі балалардың артық салмаққа шалдығу деңгейі — 6,4%;

Қырғызстанда — рекордтық 9,9%;

Қазақстанда — 8,7%;

Өзбекстанда — 5,5%;

Тәжікстан мен Түрікменстанда — 5%-дан төмен.

Сонымен қатар Қазақстандағы аштық деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Ол халықтың 2,5%-дан азын қамтиды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (8,5%) әлдеқайда жақсы. Алайда сарапшылардың айтуынша, азық-түліктің қолжетімділігінің артуы оның пайдалы екенін білдірмейді.

FAO деректеріне сәйкес, көптеген отбасында тағам калориялырақ болғанымен, дәрумендер мен микроэлементтер тұрғысынан кедейленіп кеткен.

Фастфуд, тәтті сусындар мен қайта өңделген өнімдерді шамадан тыс тұтыну біртіндеп семіздікпен байланысты аурулардың — қант диабетінің, жүрек-қантамыр жүйесі бұзылыстары мен гипертонияның өсуіне әкелуде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың 3,2%-ы қаржы тапшылығына байланысты пайдалы тағам сатып ала алмағанын мойындаған.

Әйелдер мұндай жағдайға ерлерге қарағанда жиірек тап болған (3,8% қарсы 2,2%). Ал жұмыссыздар арасында бұл көрсеткіш одан да жоғары — 5,7%.

Сарапшылардың ескертуінше, егер дұрыс тамақтану мәдениетін арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қолға алынбаса, Қазақстан алдағы жылдары семіздікпен байланысты аурулардың толқынына тап болуы мүмкін.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.