Қазақстанда кімдер ең жоғары жалақы алады?

2026 жылдың басынан бері Enbek.kz электрон еңбек биржасында 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 162,4 мың түйіндеме орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бос жұмыс орындары мен жалақы туралы мәлімет берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сұраныста жартысына жуығы жұмысшы мамандықтар үлесі (47,6%) — 48,9 мың бос орын.

«Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ, математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың)», — делінген хабарламада.

Салалық бөліністе бес негізгі салаға сұраныс жоғары.

«Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр – 33 мыңнан аса хабарландыру (жалпы санның үштен біріне жуығы). Одан кейін өзге де қызмет түрлері – 11,4 мың (11,1%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету – 9,7 мың (9,5%) орналасқан. Сондай-ақ кадрларға жоғары қажеттілік мемлекеттік басқаруда (7 мың) және өңдеу өнеркәсібінде (6,9 мың) тіркелді», — делінген хабарламада.

Ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында (8,9 мың), Түркістан (7,3 мың) және Қарағанды (7,1 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (6,9 мың) жарияланған.

Қаңтарда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны

  • бұрғылау жөніндегі супервайзерлерге (орта есеппен 991 мың теңгеден бастап),
  • өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастықтарына (876 мың теңгеден бастап),
  • бас геологтарға (803 мың теңгеден бастап) ұсынды.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.