Қазақстанда кім офиске келмей, қашықтан жұмыс істей алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне сәйкес қашықтан жұмыс істеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, қашықтан жұмыс еңбек шартына енгізілген тиісті өзгерістермен және толықтырулармен белгіленеді және еңбек шарты қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Қашықтан жұмыс істей алу мүмкіндігі қызметкердің де, жұмыс берушінің де бастамасымен анықталады. Кодексте мұндай жұмысты атқаратын қызметкерлердің нақты шеңбері көрсетілмегендіктен, тараптардың келісімі бойынша кез келген қызметкерге ұйымдастыруға болады. Әдетте бұл мүмкіндік:

  • жұмыс пен бала күтімін біріктіретін адамдарға,
  • уақытша еңбекке жарамсыз болғандарға,
  • шалғай елді мекендерде тұратын қызметкерлерге,
  • сондай-ақ басқа да ерекше жағдайдағы жұмысшыларға ұсынылады.

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс уақыты еңбек шарты немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленеді, күнделікті ұзақтығы мен бақылау ерекшеліктеріне шектеулер сақталады. Сонымен қатар еңбек ақы қызметкердің біліктілігіне, жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай төленеді.

Министрлік атап өткендей, төтенше немесе әскери жағдайлар, карантин сияқты шектеу шаралары жарияланған кезде, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыс беруші қашықтан немесе аралас жұмыс режимін уақытша енгізуге құқылы. Бұл ретте қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, ақпараттық технология құралдарымен, байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету және шығындарды өтеу жұмыс берушінің жауапкершілігінде.

Министрлік мәліметінше, қашықтан жұмыс тәртібі қазіргі замандағы еңбек нарығының икемділігін арттыруға, азаматтардың жұмыс пен жеке өмір арасындағы балансын сақтауға мүмкіндік береді.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.