12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда кеден жұмысы қалай өзгерді?

Қазақстанда кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, рәсімдерді цифрландыру және шекара қызметін дамыту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада 9 өткізу пунктіне толыққанды жаңғырту жүргізіп жатыр. Енді ескірген инфрақұрылым толығымен ауысып, заманауи өткізу пункттері пайда болады.

2025 жылдың басынан бері осындай 4 өткізу пункті іске қосылған:

  • Қытаймен шекарада — «Көлжат» және «Алакөл»;
  • Өзбекстанмен шекарада — «Қапланбек» және «Атамекен».

Жылдың аяғына дейін «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты» өткізу пунктінде де жұмыстарды аяқтау жоспарланған.

Жаңа пункттерде шекараны кесіп өту үшін барлық жағдай жасалған:

  • қозғалыс жолақтары 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылған,
  • жүргізуші кабинадан шықпай-ақ бақылаудан өтеді,
  • ал шекарадан орта есеппен 30 минутқа дейін өтіп болады.

Бұл ретте ең ірі «Нұр Жолы» өткізу пункті тәулік бойы жұмыс режиміне ауысып, «Алакөл» және «Майқапшағай» өткізу пунктінің жұмыс уақыты ұзарған.

Айта кететін жайт, 2023 жылдан бері ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық автомобиль өткізу пунктінде «CarGoRuqsat» электронды кезек жүйесі енгізілген. Бұл республикалық маңызы бар жолдарда көліктер кезегін жоюға, тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстары шеңберінде 76 бизнес-процесті оңтайландыру жүргізілген. Осылайшы, АКҚ өткізу пункттері арқылы өтудің орташа уақыты үш есеге қысқарды.

Сонымен қатар, «Кеден» ақпараттық жүйесі де енгізіліп жатыр. Нәтижесінде 20 мамандандырылған модульді іске асыру жоспарланған, оның 13-і іске асырылып, қазір жұмыс істеп тұр.

  • экспресс-жүктерді декларациялау электрон форматқа ауысқан,
  • «Қорғас» ШЫХО-да жеке тауарларды есепке алу толық цифрландырылған,
  • артық тексеру жоқ, тек тауарлар сипаттамасы бойынша қажетті қызметтерден өтуі керек,
  • деректерді қайталап енгізудің қажеті жоқ, енді хабарламаны транзиттік декларацияға түрлендіру мүмкіндігі бар.

СЭҚ кеден органдарымен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Барлық әрекет жеке кабинет арқылы жүргізіледі.

Қазір өткізу пункттерінің мүмкіндігі 2022 жылы 640 мың көлік құралынан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 миллионға дейін ұлғайтылған.

Министрлік бұл жұмыстар бақылау рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, тауар ағынын жеделдетуге, СЭҚ қатысушылары үшін қолайлы орта құруға және шекара маңы экономикасын дамытуға бағытталғанын еске салады.

Многоженство: традиция или стереотип? 

В КАЗАХСТАНЕ ВНОВЬ ВСПЫХНУЛИ ПУБЛИЧНЫЕ ДЕБАТЫ О ЛЕГАЛИЗАЦИИ МНОГОЖЕНСТВА...

Пәтерді жалға алу қай жағдайда ипотекадан тиімдірек

Қазақстандықтар жиі тұрғын үйді жалға алу мен ипотека рәсімдеу арасында таңдау жасап жатады. Бірақ бұл таңдау әрдайым анық емес және белгілі бір қаржылық жағдайларға байланысты болады.

7 қарашаға арналған валюта бағамы

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Биыл Қазақстан кітапханаларына 37 млн оқырман барған

Қазақстанда кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді.

Елімізде тұтынушылық кредитке жаңа шектеулер енгізіледі

Кейбір нормалар былтыр және биыл қабылданған, ал жаңа заңдағы жаңалықтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.