Қазақстанда көріпкелдер салық төлеуге және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?

Қазақстанда көріпкелдердің қызметін лицензиялау және оларды салыққа тарту мәселесі талқыланып жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада бал ашушылар қалай қарастыратыны және қандай жағдайда оларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет болатынын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым бал ашушылардың қызметі лицензиялануы мүмкін екенін айтып, олардың салық төлеуі қажет екенін мәлімдеді.

«Ақылға қонымды болсын, қандай да бір қайғылы салдарға алып келмесін. Салық төлесін, қазына толыға берсін», — деді мәжілісмен.

Салықшылар көріпкелдер туралы не біледі?

Мемлекеттік кірістер комитетінде жалпы экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішінде бал ашушыларға арналған жеке қызмет түрі жоқ екенін айтты. Дәл осы себепті Қазақстанда ресми түрде қанша көріпкел «жұмыс істейтіні» нақты айтылмады.

Анықтама: ЭҚТЖ — бизнес қызметінің түрін анықтайтын бес таңбалы код. Ол статистиканы есепке алу, салық салу (режимді таңдау) және банктермен өзара іс-қимыл үшін ЖК немесе ЖШС тіркеген кезде міндетті. Код нақты компанияның немесе кәсіпкердің немен айналысатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, комитетте мұндай қызметтер «өзге жеке қызметтер» санатына жатуы мүмкін екенін хабарлады.

«ЭҚТЖ жалпы жіктеуішінде «96090 — басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке қызметтерді көрсету» коды көзделген», — деп атап өтті МКК баспасөз қызметі.

Бұл санатқа мыналар кіреді:

  • астрология және спиритикалық қызметтер;
  • шежірені (текті) зерттеу;
  • жануарларға күтім көрсету қызметтері;
  • тату және пирсинг-салондарының жұмысы;
  • аяқкиім тазалаушылардың, жүк тасушылардың және автотұрақ қызметкерлерінің қызметтері;
  • өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарының жұмысы, мысалы фотоавтоматтар немесе қан қысымын өлшейтін аппараттар.

Көріпкелдер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек пе?

Комитетте көріпкелдердің қызметі кәсіпкерлік тіркеусіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызметтер тізіміне кірмейтінін түсіндірді. Бұл — көріпкел жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс деген сөз.

Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жеке тұлға мына жағдайларда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті:

  • жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланса;
  • оның жылдық табысы белгіленген шектен асса (360 АЕК — 2026 жылы 1 557 000 теңге).

«Осылайша көріпкелдің қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде өз бетінше тіркелуге және өзіне қолайлы салық салу тәртібін (оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе жалпыға бірдей тәртіп) таңдауға құқылы», — деп атап өтті ведомство.

Комитет көріпкелдің қызметін реттеу мен салық салуға қатысты ұсыныстар мен өтініштер бұған дейін түспегенін де қосты.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.