Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, Ақмола облысында сейсенбіге қараған түні 15–20 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 25–30 градусқа дейін аяз күтіледі. Сәрсенбіге қараған түні ауа температурасы одан әрі төмендеп, 22–27 градусқа, ал шығысында 30 градусқа дейін аяз болады. Көкшетауда сейсенбі түні 25–27 градус аяз болады.

Ақтөбе облысында сейсенбі түні ауа температурасы минус 23–28 градусқа, ал өңірдің солтүстігінде 31 градус аязға дейін төмендейді. Ақтөбе қаласында түнде 23–25 градус аяз болжанады.

Атырау облысында сейсенбі түні 15–20 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 23 градусқа дейін аяз болады. Атырау қаласында түнде 13–15 градус аяз болжанып отыр.

Қызылорда облысында сейсенбі түні 7–12 градус аяз, оңтүстігінде минус 2 градус, ал батысы мен солтүстігінде 16–21 градус аяз күтіледі. Сәрсенбі түні ауа температурасы 10–15 градусқа, ал батысы мен солтүстігінде 18–23 градус аязға дейін төмендейді. Қызылорда қаласында сейсенбі түні 7–9 градус аяз, сәрсенбі түні 12–14 градус аяз болады.

Павлодар облысында сейсенбі түні ауа температурасы 7–12 градус аязға, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Сәрсенбі түні 25–30 градус аяз күтіледі. Павлодар қаласында сейсенбі түні 10–12 градус аяз, ал сәрсенбі түні 26–28 градус аяз болады.

Солтүстік Қазақстан облысында сейсенбі түні 25–30 градус аяз, ал өңірдің батысы мен солтүстігінде 33 градусқа дейін аяз күтіледі. Петропавл қаласында түнде 28–30 градус аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбі түні ауа температурасы 15–20 градус аязға, ал өңірдің оңтүстігінде 10 градус аязға дейін төмендейді. Өскеменде сәрсенбі түні 15–17 градус аяз болады.

Жамбыл облысында сәрсенбі түні 7–12 градус аяз, ал батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарда 15–20 градус аяз күтіледі. Тараз қаласында түнде 10–12 градус аяз болады.

Абай облысында сәрсенбі түні 20–25 градус аяз, ал өңірдің оңтүстігінде 10–15 градус аяз күтіледі. Семей қаласында түнде 20–22 градус аяз болады.

Жетісу облысында сәрсенбі түні ауа температурасы 5–10 градус аязға, ал өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарында 15–20 градус аязға дейін төмендейді.

Депутаттар әскери ерлі-зайыптыларға берілетін төлемді қысқартуды ұсынды 

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасы аясында бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған түзетулерді таныстырды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Тегерандағы шабуылдардан ДДСҰ кеңсесіне зақым келді 

Иран астанасына жасалған шабуылдардан Тегерандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі зақымдалды.

1 сәуірге валюта бағамы 

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.