Қазақстанда енді психологтардың арнайы тізімі жасалуы мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:

– психологиялық қызмет туралы;
– Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша ілеспе түзетулерімен;
– Қазақстан мен Австрия үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологиялық қызмет туралы заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Бұл жоба алғаш рет психологиялық қызметті заңнамалық деңгейде реттейді. Құжат азаматтарымыздың психологиялық денсаулығын қорғау үшін маңызды қадам. Заң жобасында психологиялық қызметтің қағидаттары, оның түрлері және мазмұны нақтыланады. Психологтарға бірыңғай кәсіби стандарт енгізіледі. Енді жоғары білім бағдарламалары мен біліктілік арттыру жүйесі де дәл осы стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Барлық психолог арнайы тізімге біріктіріледі. Бұл нарықты жүйелеу және біліктілігі жоқ адамдардың қызметіне тосқауыл қою үшін қажет шешім, — деді депутат.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.