Қазақстанда екі ұшақ апатынан кейін барлық шағын авиация жоспардан тыс тексеріледі

Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусымда және 17 тамызда тіркелген авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатқан.

«Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі. Сондай-ақ, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 17 тамызда Ақмола облысындағы әуе апатынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Ал 22 маусымда Астанадағы Жоламан аэродромы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған кезде ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.