12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында екі бірдей халықаралық рухани-мәдени көрменің тұсауы кесілді. «Турин Кебіні» және «Қасиетті кітаптар» көрмесі – Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған бірегей іс-шара. Бұл көрмелердің басты мақсаты – әртүрлі діни конфессиялардың тарихи және рухани мұрасын кеңінен насихаттау арқылы қоғамда өзара түсіністік пен құрметті арттыру.

Ғылым мен руханияттың тоғысқан тұсы

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай бұл көрменің ғылым мен руханият үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, дін мен ғылым – бірін-бірі терістемейтін, қайта толықтыратын ұғымдар.

«Ізденістің түбінде шындық бар. Ғылымды ешкім жоққа шығара алмайды, өйткені ислам діні өзі ғылымға үндейді. Құран – тұтас ғылым кітабы. Бұл көрмеде ұсынылған қасиетті кітаптар мен сирек қолжазбалар – өркениет пен мәдениеттің ізі. Оларды зерттеу, сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз», – деді Ермек Мұқатай.

Ол сондай-ақ көрмеде ұсынылған Кенесары ханның Құран кітабына ерекше тоқталып, бұл жәдігердің тарихи және рухани мәніне назар аударды. Қазір бұл кітап Әзірет Сұлтан кесенесінде сақтаулы тұр.

Мәдениет министрі: «Бұл – ұлы оқиғалардың куәсі»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрмеде ұсынылған артефакттер жай ғана жәдігер емес, адамзаттың рухани-мәдени тарихының куәсі екенін атап өтті.

«Мұндай тарихи мұраларды сақтай отырып, біз өзара түсіністікке, рухани бірлікке негізделген болашақтың іргетасын қалаймыз», – деді ол.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дін туралы көзқарасын да еске салып, оның: «Дін – білім беру институты» деген сөзін мысалға келтірді. Президент өз Жолдауында Құран, Інжіл, Тәурат және басқа да киелі кітаптар әрдайым гуманизм мен бейбітшілікке үндейтінін айтқан болатын.

Халықаралық қауымдастық Қазақстанға ризашылық білдірді

Көрменің ұйымдастырылуына жоғары баға берген шетелдік дін өкілдері Қазақстанның дінаралық келісімді сақтаудағы рөліне тоқталды.

Апостол Нунцийі, Архиепископ Георг Панамтхундила:

«Бұл көрменің Қазақстанда – діни келісімге құрметпен қарайтын елде ұйымдастырылуы өте орынды. Қазақстан Президентіне қолдауы үшін алғыс білдіремін».

Рим-католик шіркеуінің архиепископ-метрополиті Томаш Бернард Пета:

«Көрменің ел астанасында және басқа да қалаларда өткізілуі – Қазақстанда діни бостандықтың бар екенін, халықтың бірлігіне ұмтылысты көрсетеді».

«Турин Кебіні»: археология мен сенімнің тоғысы

Христиан әлеміндегі ең киелі жәдігерлердің бірі – Турин Кебіні алғаш рет Қазақстан жұртшылығына ұсынылды. Аңыз бойынша, бұл мата – шегеленіп өлтірілген Иса Мәсіхтің денесін орау үшін қолданылған. Көрмеде осы кебіннің дәлме-дәл көшірмесі, 27 тақырыптық ақпараттық панель, тарихи артефакттер мен бейнематериалдар қойылған.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр:

«Бұл көрме көпшілікті археологиялық жәдігердің тарихы мен ғылыми зерттеулерімен таныстырады. Турин Кебіні – ең көп зерттелген объектілердің бірі».

«Қасиетті кітаптар»: әр діннің рухани негізін паш ету

Көрменің тағы бір бөлігі – «Қасиетті кітаптар» экспозициясы. Мұнда әлемдік діндерге қатысты 50-ден астам сирек қолжазба ұсынылды. Солардың қатарында VII ғасырдағы Құран, XIX ғасырдағы Інжіл, Кенесары ханның Құраны, сондай-ақ Талмуд, Тора сынды басқа да қасиетті жазбалар бар.

Көрме 25 қыркүйекке дейін жалғасады

Көрмелердің басты идеясы – түрлі діни дәстүрлер арасындағы рухани үндестікті, мәдени әртүрлілікті және тарихтың ортақ сабақтастығын көрсету. Қазақстан қоғамы үшін бұл көрме – тек діни немесе ғылыми іс-шара ғана емес, мәдениет пен бейбітшілікке бастайтын мағыналы жол.

Көрме 2025 жылдың 25 қыркүйегіне дейін жалғасады. Бұл – көпшілікке рухани мұрамен терең танысуға берілген бірегей мүмкіндік.

Самал Асқар

Жетісу облысында алғаш рет КТ-навигация көмегімен өкпенің трансторакальді трепан-биопсиясы жүргізілді

Талдыорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада Жетісу облысының штаттан тыс...

Впервые в Жетысу: в ОМК проведена трансторакальная трепанобиопсия легкого под КТ-навигацией

В Областной многопрофильной клинике города Талдыкорган под руководством главного...

Арна Дуйсенова: «Конституция гарантирует равенство граждан»

Сегодня в выступлении прозвучало, что Конституция Казахстана провозглашает высшей...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырды

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері сотталғандардың салауатты өмір...

Сотрудники УИС организовали спортивное мероприятие среди осуждённых

В области Абай сотрудники учреждения смешанной безопасности организовали спортивное...