Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа мамандықтар атласында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салалар бойынша 75 жаңа мамандық бар. Бұл туралы Үкімет отырысында вице-министр Иран Шархан мәлімдеді.

«Металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста Big Data талдаушысы, «Ақылды үй» жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан аса мамандық өзгеріске ұшырады», — деді Иран Шархан.

Биыл машина жасау саласында тағы 8 жаңа мамандық пайда болатыны айтылды. Олардың қатарында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы бар. 

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.