Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130  шетел азаматы жұмыс істейді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Оларда 348 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл — қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Шетелдіктер мына салаларда жұмыс істейді:

  • құрылыс саласында — 4 949 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы — 2 930 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 1 369 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі — 1 210 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай — 5 120 адам,
  • Өзбекстан — 2 478 адам,
  • Түркия — 1 042 адам,
  • Үндістан — 1 031 адам.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.