12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламаларды қоғамдық мониторинг тұрақты реформалар мен саяси диалогтың құралы ретінде

Қазақстанда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық сын-қатерлердің артуы жағдайында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеумен қатар, олардың нақты іске асырылуын, тиімділігін және азаматтардың өміріне тигізетін әсерін бағалау ерекше маңызға ие болып отыр. Осы тұрғыда азаматтық қоғам ұйымдары жүзеге асыратын қоғамдық мониторинг біртіндеп қосалқы құралдан саяси диалог пен дәлелді саясаттың негізгі элементіне айналуда.

Мұндай тәсілдің айқын үлгісі – Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен және «Ақпараттық-ресурстық орталық» Қоғамдық қорының үйлестіруімен іске асырылған мемлекеттік бағдарламаларды қоғамдық мониторингті дамытуға бағытталған үш жылдық жоба.

Құзыреттерді дамытудан нақты ықпалға дейін

Жоба кезең-кезеңімен құрылған логикаға негізделді: оқыту – тәжірибе – институционалдық өзгерістер.

Алғашқы кезеңде өңірлерде тұрақты сараптамалық әлеует қалыптастыру басты міндет болды. Жоба аясында азаматтық қоғам ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының 150-ден астам өкілі қоғамдық мониторинг әдіснамасы, мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) талдау, бюджеттермен жұмыс істеу және мониторинг нәтижелерін кәсіби түрде жариялау қағидаттары бойынша оқытудан өтті.

Нәтижесінде мемлекеттік деректермен декларативті сын емес, дәлелді аналитика логикасында жұмыс істей алатын өңірлік сарапшылар пулы қалыптасты.

Өңірлік тәжірибе: ауқым және тақырыптық қамту

Жобаның екінші кезеңінде назар мониторингті тәжірибе жүзінде іске асыруға аударылды. Ашық конкурстық іріктеу нәтижесінде 10 азаматтық қоғам ұйымы үшінші тарап ретінде қаржыландыру алып, 8 ай бойы Қазақстанның төрт өңірінде мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жүргізді:
• Павлодар облысы
• Қостанай облысы
• Түркістан облысы
• Жетісу облысы

Мониторинг мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қамтыды:
интернетке және цифрлық қызметтерге қолжетімділік, денсаулық сақтау, су ресурстарын басқару, ауылдық аумақтарды дамыту және «Ауыл – бесігі» бағдарламасы, жастар саясаты, халықты жұмыспен қамту, сондай-ақ жергілікті және ұлттық бюджеттерді қалыптастыру мен орындау.

Өңірлік нәтижелер: аналитикалық талдау

Павлодар облысы

Су ресурстары және денсаулық сақтау

Су ресурстарын басқару саласында қоғамдық мониторингті «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Стратегиялық құжаттарды талдау және көшпелі мониторингтер нәтижесінде мемлекеттік инвестициялардың елеулі көлеміне қарамастан, жүйелі проблемалар сақталып отырғаны анықталды: инфрақұрылымның тозуы, су шығындарының жоғары деңгейі, бағдарламалардың мақсатты индикаторлары мен су объектілерінің нақты жағдайы арасындағы сәйкессіздік, сондай-ақ шешім қабылдау үдерістеріне халықтың шектеулі қатысуы.

Денсаулық сақтау саласында мониторингті Павлодар облысының ГАК ұйымы жүргізді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті іске асыруды талдау қамту көрсеткіштерінің формалды орындалуы медициналық қызметтердің нақты қолжетімділігін әрдайым көрсете бермейтінін анықтады, әсіресе ауылдық елді мекендерде. Зерттелген нысандардың жартысынан астамында кадр тапшылығы, профилактикалық іс-шаралардың жүйесіздігі және халықтың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі туралы ақпараттану деңгейінің төмендігі тіркелді.

Нәтижесінде бағдарламалық индикаторларды және бағынысты НҚА-ны түзету бойынша нысаналы ұсынымдар әзірленіп, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық және қабылданған шешімдерді қоғамдық бақылау туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қостанай облысы

Қолжетімді интернет және экологиялық саясат

Қолжетімді интернет бағдарламаларына мониторингті Қостанай облысы Журналистер одағы жүзеге асырды. Талдау көрсеткендей, қосылу бойынша сандық көрсеткіштерге қол жеткізу әрдайым нақты цифрлық қолжетімділікті білдірмейді: бірқатар тұрғын аудандарда және жабық мамандандырылған мекемелерде байланыс сапасы цифрлық мемлекеттік қызметтерді, қашықтан оқытуды және телемедицинаны толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Экологиялық саясат саласында мониторингті NECO қоғамдық бірлестігі «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүргізді. Мониторинг экологиялық бағдарламалардың бытыраңқы іске асырылуын және жергілікті деңгейде шешім қабылдау процестеріне қоғамның шектеулі қатысуын анықтады.

Жоба сарапшылары қызмет сапасын ескеретін цифрлық бағдарламалардың индикаторларын қайта қарау, сондай-ақ экологиялық саясатта қоғамдық қатысу тетіктерін күшейту жөнінде ұсынымдар әзірледі.

Түркістан облысы

«Ауыл – бесігі», интернет және жергілікті бюджеттеу

Түркістан облысында қоғамдық мониторинг ауылдық елді мекендердегі интернетке қолжетімділікті және жергілікті бюджеттеу процестерін қамтыды.

«Замир» қоғамдық бірлестігі цифрлық қызметтердің қолжетімділігінде айтарлықтай аумақтық айырмашылықтарды және халықтың мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттану деңгейінің төмендігін анықтады.

Сонымен қатар КИОК ұйымы жергілікті бюджеттеу процестеріне мониторинг жүргізіп, қоғамдық консультациялардың формалды сипатын және азаматтардың бюджеттік басымдықтарды айқындауға шектеулі қатысуын тіркеді.

Нәтижесінде азаматтық қоғамның бюджет процесіне қатысуын институционализациялау және ауылдық ерекшеліктерді ескере отырып цифрландыру бағдарламаларын түзету жөнінде ұсынымдар дайындалды.

Жетісу облысы

Қолжетімді орта, жастар саясаты, жұмыспен қамту және цифрлық инклюзия

Жетісу облысында мониторинг тақырыптық қамтуының кеңдігімен ерекшеленді.

«Алпамыс» қоғамдық бірлестігі қолжетімді орта қалыптастыру бағдарламаларына мониторинг жүргізіп, инфрақұрылымдық шешімдердің көбіне мүгедектігі бар адамдардың нақты қажеттіліктерін ескермейтінін және жүйелі қоғамдық бақылаумен сүйемелденбейтінін анықтады.

«Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған жастар саясаты мен жұмыспен қамту мониторингі бағдарламалардың көбіне қысқа мерзімді сандық көрсеткіштерге бағдарланғанын, ал жұмыспен қамтудың тұрақтылығы мен жұмыс орындарының алынған біліктілікке сәйкестігі жеткілікті деңгейде қарастырылмай отырғанын көрсетті.

Қосымша түрде «Әйелдер ауылдық желісі» қоғамдық қоры қолжетімді интернетке мониторинг жүргізіп, әсіресе ауылдық жерлерде әйелдердің цифрлық сервистер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігінің шектеулі екенін тіркеді.

Ұйымдар бағдарламалық индикаторларды түзету, әкімдіктер, жұмыс берушілер мен ҮЕҰ арасындағы серіктестіктерді дамыту, сондай-ақ жастар саясаты, жұмыспен қамту және цифрлық инклюзия салаларындағы НҚА-ны өзгерту жөнінде ұсынымдар әзірледі.

Мониторингтен ережелерді өзгертуге дейін

Жоба қорытындысы бойынша сарапшылар профильдік мемлекеттік органдарға арналған 40-тан астам нысаналы ұсыным әзірледі. Олар бағдарламалардың мақсатты индикаторларын түзетуге, іске асыру тетіктерін жетілдіруге және бағынысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты болды.

Төрт өңірдің барлығында азаматтық қоғам ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен қабылданған шешімдерді іске асыру барысындағы ақпарат алмасу және қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін меморандумдарға қол қойды. Жобаның қорытынды кезеңінде бағдарламалық және бюджеттік циклді реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған адвокациялық бастамаларды дайындау басталды.

Аналитикалық қорытынды

Жоба нәтижелері көрсеткендей, азаматтық қоғамның мамандандырылған ұйымдары жүзеге асыратын қоғамдық мониторинг мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен оның практикалық іске асырылуы арасындағы жүйелі алшақтықтарды анықтауға, сондай-ақ анықталған проблемаларды басқарушылық шешімдер форматына трансформациялауға мүмкіндік береді.

Бұл жоба азаматтық қоғамды дамытуға салынған инвестициялар есептелетін, тұрақты және институционалдық маңызы бар нәтижелерге әкелетінін, мемлекеттік басқарудың есептілігін, инклюзивтілігін және сапасын арттыратынын көрсетеді.

Бұл материал Еуропалық Одақтың ресми ұстанымын толықтай білдірмейді. Оның мазмұны үшін «Ақпараттық-ресурстық орталық» және серіктес азаматтық қоғам ұйымдары толық жауапты.

Көк туды желбіреткендер ел тағдырын да қолдайды

Республикалық референдум – елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың шешуші...

Известные казахстанцы поддержали проект новой Конституции

Прославленные спортсмены и артисты считают, что 15 марта станет...

Бурихан Нурмухамедов «Оценивать Конституцию необходимо именно по этим параметрам»

По мере того как разворачивается общественная дискуссия вокруг проекта...

Жалын Тлеуберген: Когда главным ресурсом становится идея, общество начинает развиваться по-новому

В Алматы состоялась встреча членов Общенациональной коалиции «За Народную...

Банкроттықтың өз салдары бар 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық...