Қазақстандағы электрондық сауданың 90 пайыздан астамы Алматыға тиесілі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен алқалы жиында электрондық сауданың қазіргі жай-күйі мен оның дамыту бағыттары талқыланды. Басқосуда Алматыны Қазақстан мен Орталық Азиядағы электрондық коммерцияның басты орталығы ретінде рөлін нығайту мәселесіне баса назар аударылды.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматыдағы электрондық сауда көлемі 5,3 трлн теңге болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 42 пайыз жоғары. Оның ішінде 3 трлн теңгесі тауарлардың бөлшек саудасына, 2,3 трлн теңге онлайн қызмет көрсетуге тиесілі. Осылайша, Алматының республика бойынша онлайн саудадағы үлесі 90 пайыздан асып отыр.

Алматыда 1500-ден астам белсенді электрондық коммерция субъектісі жұмыс істейді, бұл ел аумағында тіркелгендердің шамамен жартысы. Негізгі бағыттарға күнделікті тұтынатын тауарлар, техника, киім-кешек, косметика, сондай-ақ, жеткізу, көлік және брондау салаларындағы қызметтер жатады.

Маңызды бағыттардың бірі логистика және қойма инфрақұрылымын дамыту. Қалада электрондық саудаға бейімделген тарату орталықтары іске қосылып, ірі логистикалық нысандардың құрылысы құрылысы қарқын алып келеді. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, онлайн тапсырыс қабылдау мен жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында қала базарларды жаңғырту электрондық сауда жүйесінің қосымша элементі ретінде қаралды. Алматыдағы 59 базардың 41-і жаңартудан өткен. Бұл нысандарда цифрлық сауда жүйесі енгізіліп, тұрақты интернет желісі тартылып, сақтау, логистика және қолма-қол ақшасыз төлем аймақтары жүйеленіп келеді. 10 мыңнан астам сатушы дәстүрлі сауда тәсілін онлайн форматпен сәтті ұштастырып отыр.

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Шаһарда цифрлық дағдыны дамыту, халықаралық платформалармен жұмыс істеуді үйрету және онлайн арналар арқылы шикізаттық емес өнімді экспорттауға бағытталған білім және кеңес беру бағдарламалары жүзеге асырылып отыр.

Кеңес соңында қала басшысы Дархан Сатыбалды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуді, цифрландыру ісін кеңейтуді және онлайн платформалармен серіктестікті күшейтуді тапсырды. Жоспарға сай, 2025 жылдың соңына қарай Алматыдағы электрондық бөлшек сауда көлемі 3,5 трлн теңгеге жетіп, ал 2030 жылға қарай бөлшек сауда айналымындағы электрондық сауданың үлесі 50 пайыздан кем болмайды деген үміт бар.

Алматы әкімдігі ұсынған материал

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.