12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл Ата Заң – ел болашағының негізі

Биыл Қазақстан халқы еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл атап өтпек. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған бұл құжат тәуелсіз мемлекетіміздің саяси және құқықтық негізін қалап, демократиялық даму жолына бағыт берді. Ата Заң – еліміздің Тәуелсіздігін нығайтқан, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжат.

Конституция – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол – мемлекет пен қоғам арасындағы келісім, бүкілхалықтық сенімнің көрінісі. Еліміздің Конституциясы адамның өмірі, құқығы мен бостандығы – ең жоғары құндылық екенін нақты бекітті. Бұл қағида бүгінде еліміздің барлық заңнамалық актілерінің өзегіне айналды.

30 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдік қауымдастықта орнықты мемлекет ретінде танылып, экономикада, білім мен ғылымда, әлеуметтік салада ауқымды жетістіктерге жетті. Бұл жетістіктердің негізінде – елдегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрған Конституция тұр.

Конституцияда билік тармақтарының бөлінуі, заң үстемдігі, азаматтардың теңдігі мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі секілді маңызды қағидалар белгіленген. Бұл принциптер Қазақстанды құқықтық мемлекетке айналдыруда шешуші рөл атқарды.

Соңғы жылдары елде жүргізілген конституциялық реформалар да демократиялық дамудың жаңа кезеңіне жол ашты. Әсіресе, 2022 жылғы референдум арқылы енгізілген өзгерістер – халықтың билікке қатысуын кеңейтіп, әділетті және есеп беретін мемлекет құруға бағытталды. Бұл – азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға жасалған маңызды қадам.

Ата Заң әрбір азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, ар-ождан мен сөз бостандығына құқығын бекітіп қана қоймай, мемлекет пен қоғамның дамуына да бағыт береді. Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел бірлігінің символы, тәуелсіздіктің тірегі.

Қорыта айтқанда, Конституцияның 30 жылдығы – бұл тарихи оқиға ғана емес, елдің даму жолындағы жаңа кезеңнің бастауы. Ата Заңға деген құрмет – Отанға деген құрмет. Сондықтан әрбір қазақстандық Конституцияның мәнін терең түсініп, оның нормаларын орындауға атсалысуы қажет. Осылайша біз әділетті, дамыған және біртұтас Қазақстанды бірге құра аламыз.

Ақтөбе қалалық соты әкімшісінің 

жетекші маманы                                                          Анар Қонысбаева

56 бас жылқыны күтіп-ұстау: Меркі ауданы әкімдігі шығынды неге өтемейді?

2023 жылғы 1 қыркүйектегі цессия шартына сәйкес, «Луговой жылқы...

Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін  5 тәулікке қамауға алынды  

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Кассациялық сот құру уақыт талабы

Сот жүйесіндегі биылғы жылдың басты жаңалығы кассациялық соттардың құрылуы...

За совершение административного правонарушения понес наказание законный представитель несовершеннолетнего

  Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік...