12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Тәуелсіздіктің тірегі

30 тамыз — Қазақстан халқы үшін аса маңызды тарихи күн. Бұл күн — еліміздің басты заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған мерейлі күн. 1995 жылы жалпыхалықтық референдум нәтижесінде бекітілген Конституция егеменді еліміздің мемлекеттік, саяси және құқықтық жүйесінің негізін қалаған құжат болып табылады.
Конституция – Қазақстан Республикасының Ата Заңы ретінде ел тәуелсіздігінің, біртұтастығы мен тұрақтылығының кепілі. Онда адам және азамат құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылып, халық билігінің негізі қаланды. Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты, мемлекеттік органдардың құрылымы мен қызметін, азаматтардың құқықтық мәртебесін нақтылап береді.
Ата Заң аясында еліміз демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, заң үстемдігі мен билік тармақтарының бөліну принциптері жүзеге асты. Конституция қабылданғаннан бері Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар қарқынды жүргізіліп, ел дамуының жаңа белестері ашылды.30 тамыз — бұл заңға деген құрметтің, бірлік пен тұтастықтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышаны. Конституцияны ұлықтау — мемлекетке деген адалдық пен ел болашағына деген сенімді білдіреді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының басшысы Каликова Гүлмира Сағындыққызы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...