Қазақстан мен Ресей президенттері Мәскеуде бейресми кездесу өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен Мәскеуде бейресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келген сәттен бастап көрсетілген ерекше сый-құрмет үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатқа ие екенін атап өтті.

Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады, – деді Қазақстан басшысы.

Владимир Путин өз кезегінде мемлекеттік сапармен келгені үшін ризашылығын білдіріп, бейресми жағдайда кездесудің өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз, – деді Ресей президенті.

Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, экономикалық және әлеуметтік салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ халықаралық аренада өзара қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.