Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пән енгізілуі мүмкін

Қазақстанның ІІМ жол қозғалысы ережелерін оқытуды мектеп бағдарламасына жеке міндетті пән ретінде қосуды ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сұлтанбаевтың айтуынша, мұндай сабақтар арқылы балаларға жолдағы заңға бағыну мәдениетін үйретуге болады, бұл балалардың есейіп көлік жүргізе бастағанда жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.

ІІМ-де балалардың жол-көлік жарақаттануын алдын алудың тиімді құралы ретінде мектептердегі жас жол инспекторларының жұмысын атап өтті.

«Әлемнің көптеген елінде мектеп оқушыларын жол қозғалысы қауіпсіздігіне тарту идеясы білім беру мен қоғамдық мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Халықаралық тәжірибе мұндай бастамалардың жол-көлік жарақаттарын азайтып, өскелең ұрпақта азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыратынын көрсетеді», – деді комитет төрағасы.

1 қыркүйек қарсаңында ІІМ ата-аналар мен мұғалімдерді полицейлермен бірге әр баланың үйден мектепке және кері бағыттағы ең қауіпсіз жолын белгілеуге шақырды.

«Бала мектепке және үйге әрдайым бір ғана ең қауіпсіз бағытпен қатынауы тиіс, оны жатқа білуі қажет», – деп атап өтті ведомство.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.