Қазақстан мектептерінде қанша педагог жұмыс істейді?

Елдегі барлық білім беру ұйымында 600 мыңнан аса педагог бар. Оның шамамен 400 мыңы мектепте жұмыс істейді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Былтыр 1800-ге жуық «Алтын белгі» иегері мұғалім мамандығына оқуға түскен. Ал биыл 2 мыңнан аса үздік түлек білім саласын таңдады. Одан бөлек ел аумағында мектеп директорларының тапшылығы 3 есе азайды. Бұл көрсеткішке «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы ықпал етті. Президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған жоба нәтижесінде 2023-2024 жылдары 583 педагог резервист атанды.

Биыл тағы 428 үміткер оқудан өтті. Бүгінге дейін 400-ден аса директор осы бағдарлама бойынша жұмысқа тұрған. 40 «Келешек мектебін» де жоба қатысушылары басқарып отыр. Кәсіби мереке қарсаңында 100-ден астам маман Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. 

«Бізде Қазақстанның еңбек сіңірген 95 ұстазы бар. 5 Қазақстанның еңбек ері бар. 700-ден астам үздік педагогтарымыз бар. Оның жанында ведомстволық және бірқатар адам осы мерекенің өзінде өздерінің еңбектері үшін, ұрпақ тәрбиесіндегі жемісті жұмыстары үшін көптеген марапат алды. Жалақы өсіп жатыр. Педагог мәртебесінен бастап 2 есе ұстаздардың жалақысы артты», — деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева. 

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.