12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМГЕ БІТІМГЕРЛІГІМЕН ТАНЫМАЛ

Бүгінде әлем тынышсыз. Дүниенің әр бұрышында түрлі қарулы қақтығыстар болып жатыр. Өкінішке қарай, олардың бәрін келіссөздер арқылы шешу мүмкін емес. Мұндай жағдайда барлық үміт тек бітімгершілік күштерге артылады. Әрдайым бейбіт саясат ұстанатын Қазақстан бүгінде жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған барлық бастамаларды қолдап келеді.

Еліміздің Қарулы Күштері 2014 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгершілік күштер құрамында табысты қызмет еткен жəне халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосқан офицерлер мен сарбаздармен кездесу барысында 80 азаматтың əскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде бірнеше миссияға қатысқанын айтқан еді. Сонымен қатар БҰҰ-ның арнайы операцияларына 700-ге жуық əскери қызметші тартылыпты. Мемлекет басшысы олардың қатарында Əлия Молдағұлова, Мəншүк Мəметова жəне Хиуаз Доспанованың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан біздің батыл отандастарымыз бар екенін ерекше атап өткен болатын.

Бітімгер болу – бейбітшілік елшісі болу. Бұл үлкен мəртебе жəне үлкен жауапкершілік, нағыз батыл жауынгерлер ғана орындай алатын тапсырма. Яғни, барлық елдер бітімгершілік күштердің қатысушысы бола алмайды. Ал, Қазақстан армиясы өткен жылы тағы бір тарихи қадам жасауға мүмкіндік алып, онда еліміз тұңғыш рет бітімгершілік миссияларын өз бетінше жүзеге асырды. Голан биіктеріндегі операцияның арқасында біздің БҰҰ-мен өзара əрекеттесуіміз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Соның арқасында Қазақстан толыққанды бітімгершілік контингенті бар мемлекеттер қатарына еніп, Орталық Азиядағы осы салада тəжірибесі мол елдердің бірі ретінде танылды. Бүгінде 158 қазақстандық Африка мен Таяу Шығыстағы бітімгершілік күштер құрамында қызмет атқарады. Болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы басқа да миссияларға қатысу жоспарлануда. Осылайша Қазақстан бүкіл адамзат үшін бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлесін қосуды жалғастырады.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Дыхание искусства

ВЫСТАВКА С ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ОТКРЫЛАСЬ В АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОМ...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

Эскалация конфликта

СИТУАЦИЯ В ИРАНЕ И ВОКРУГ НЕГО ПОСЛЕ ГИБЕЛИ ВЕРХОВНОГО...

Театр иллюзий: мечты и реальность 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В АЛМАЛИНСКИЙ СУД Г. АЛМАТЫ...

Трагедия в Щучинске: один хлопок – семь жизней 

ОБЫЧНАЯ СМЕНА В ОДНОМ ИЗ КАФЕ ГОРОДА ЩУЧИНСК АКМОЛИНСКОЙ...