Қазақша контенттер жетіспейді

Телеарнадағы бағдарламаларда, әлеуметтік желідегі сұхбаттарда, тіпті жай ғана қонақта отырсаң да, орысша шүлдірлеген бүлдіршіндерді көресің. Бір ата-ана онысын мақтанышқа баласа, енді бірі перзентіне ана тілін үйрете алмағыны үшін безек қағып жатады. Өз басым біраз келіншектің бастауыш сыныптағы перзентіне қарапайым қазақша мәтінді, алдымен орыс тілінде түсіндіріп, артынша ана тілінде аударатынын байқағам. Себебі, баланың діні орысша қалыптасып кеткен. Түптен келгенде мұның бәрі тіл мәселесін бұрыңғыдан бетер ушықтыратыны анық!

Мен осы танымал музыкалық мультфильмдердің авторлық құқығына рұқсат алып, қазақша аударуды ұсынар ем. Әлбетте, әлеуметтік желідегі платформаларда қазақша материал жетіп артыылады. Бірақ қаралым жоқ. Қазіргі балалардың «Балапанды» да менсінбейтіні рас. Ал сапалы отандық мультфильмдер мен шетелдік туындылардың басқа да аудармаларына жарнама жетіспейді. Жарнама демекші, соңғы уақытта елдегі кинотеатрлардың рекордын жаңартып жүрген отандық фильмдер таралымын осы маркетинг арқылы көбейтіп жатқаны мәлім. Дәл осы әдісті, яғни пиарды отандық мультфильмдерге қолданса, нәтиже әлдеқайда өзгешелеу боларма еді? Айтып-айтпай не керек, қазір баланың талабы, талғамы бөлек. Осының бәрін біле тұра ата-ана ұрпақтың ана тілінде сөйлеуіне бесікке бөлемей жатып кірісу керек.

Д.А.Зинешова,

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық  соттар департаменті азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-сот отырысының хатшысы                              

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...