12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген екен қазақтың талантты жазушысы Ғабит Мүсірепов. Расында, әр халықтың ең аяулысы, қадірлісі – тілі. Әр халықтың тарихы мен салт-санасы, танымы мен тағылымы осы ана тілі арқылы қалыптасады. Әр ұлтты бір-бірінен ерекшелейтін де, әр ұлттың болмыс-бітімін айқындайтын да – тіл. Сондықтан, ана тілінің қолданысын аясын кеңейту, мемлекеттік мәртебесін арттыру – баршамыздың қасиетті борышымыз.

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз. Осы уақытқа дейін қандай қиын-қыстау заман болса да, бабаларымыз қазақ тіліне қиянат жасамай, бүгінгі ұрпаққа аман жеткізіп, келер буынға аманат етті. Аманатқа қиянат жасамау үшін біздерге ана тілімізде сөйлеу аз. Елдің ертеңіне алаңдайтын әрбір азамат тілге деген қамқорлықты отбасынан бастап, қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласында мемлекеттік тілді қолдануға басымдық беруге тиіс. Өз қолымыз өз аузымызға жетіп, тәуелсіз мемлекет ретінде дамып жатқан тұста ана тілге байланысты мәселенің туындап, тіліміздің теперіш көруі қай-қайсымызға болсын үлкен сын.

Еліміздің бас құжаты Конституцияда, «Қазақстан Респебликасындағы Тілдер туралы» заңда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені анық көрсетілген. Яғни, біздің тілге байланысты жұмысымызды үйлестіруде қорған болар заңдар бар. Тек осы заңдардың құжат жүзінде қалмай, тәжірибеде де нақты, кең қолданылуы жағдай жасау, қолдау таныту өзімізге байланысты.

Сонымен қатар, мемлекетте тілге деген құрметті отбасынан бастап қалыптастыруға көңіл бөлініп, ұл-қызымызды қазақша тәрбиелеуге ден қойған абзал. Балаларымыз қазақша білім алып, ана тілін жетік білгенде ғана Отанына деген сүйіспеншілігі артады. Осындайда халықтың арда ұлы Мұстафа Шоқайдың: «Бала қай тілде білім алса, түбі сол ұлтқа қызмет етеді» деген тағылымды сөзі еріксіз ойға оралады. Расында, ұлтын сүюдің басы ана тілін білу мен сүюден тамыр алады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары болуы үшін барлық мемлекеттік мекемелер қызметінде қазақ тілін басты орынға қоюы тиіс. Соның ішінде мұндай талап отандық сот саласына да қойылған.  Бүгінде республика соттарындағы барлық кіріс-шығыс құжаттары 100 пайыз мемлекеттік тілде дайындалады. Сот хабарламалары мен арыз-шағым үлгілері де азаматтарға мемлекеттік тілде ұсынылады. Судьялар мен сот қызметкерлерінің қазақ тілін біліп қана қоймай, еркін, жатық сөйлеуіне, заң терминдерін дұрыс қолдануына, шеберлігін шыңдауына да басымдық беріледі. Жалпы, бүгінде судьялықтан үміткерлерді іріктеуде, сот қызметкерлерін жұмысқа қабылдарда мемлекеттік тілді білуі негізгі басымдықтың бірі екенін айта кеткеніміз жөн.

Соттағы шаралардың дені мемлекеттік тілде өтеді. Сондай-ақ мемлекеттік тілге байланысты туындайтын мәселелерді бірігіп шешіп, жылдам жолға қою мақсатында құзырлы орган басшыларын қатыстыра отырып ашық талқылаулар ұйымдастыру әрбір сотта қалыпты дәстүрге айналған. Мұндай талқылаулар мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, мәртебесін арттыру барысында кедергі келтіретін кемшіліктерді дер кезінде реттеуге көмектеседі. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, мемлекеттік тілге байланысты қолға алынған осындай кешенді шаралар алдағы уақытта оң нәтижесін берері анық.

Замира Махитова,

Мұнайлы аудандық сотының судьясы

Маңғыстау облысы

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және...

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі — заңды сақтау

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі - заңды сақтау...

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ ƏРІПТЕСТЕР! Қазақстан Республикасы Судьялар одағы атынан Сіздерді кəсіби...