Қазақ тілі — қазақ халқының ұлттық болмысын, тарихын, мәдениетін, дүниетанымын сақтаушы және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құдіретті күш. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде ел өмірінің барлық салаларында қолданыс табуы тиіс маңызды құндылық.
1989 жылы Қазақ КСР-інде алғаш рет қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Бұл тілдің қоғамдағы орнын нығайтуға үлкен серпін берді. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылғы «Тілдер туралы» Заң арқылы қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып заң жүзінде бекітілді.
Бүгінгі таңда қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп келеді. Мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілінде сөйлейтіндер саны артуда.
Жас ұрпақтың ана тілінде білім алып, мәдени мұрамен танысуы үшін түрлі жобалар, бағдарламалар қолға алынған. Цифрландырудың арқасында қазақ тіліндегі онлайн платформалар, аударма жүйелері, тіл үйрету қосымшалары белсенді дамуда.
Қазақ тілінің қазіргі таңда шешімін күткен мәселелері де жоқ емес. Қала тұрғындары арасында орыс тілінің басым қолданылуы, кейбір салада қазақ тіліндегі кәсіби терминдердің жетіспеуі – бұл тіл саясатының одан әрі жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді. Ең бастысы — қазақ тілін тек мемлекеттік талаппен емес, жүрек қалауымен үйреніп, қолдану.
Қазақ тілі – халықтың рухани өзегі. Оны дамыту – әр азаматтың парызы. Тілдің болашағы – ұрпақтың қолында. Егер біз ана тілімізді сүйіп, қадірлеп, күнделікті өмірде қолдансақ, ол мәңгі жасайтыны сөзсіз.
Қазіргі таңда қазақ тілін меңгеруге елімізде өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдерінің де құлшынысы артып отыр. Бұл үрдіс қазақ тілінің мәртебесінің жоғарылағанын және оның қоғамдағы орнын нығайтуға ықпал етуде.
Тіл- халықтың жаны, оны қадірлеу- ұлтты қадірлеу деген сөз.
Қазақ тілі-ұлттың мәдениеті мен тарихын сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл мұра.
Астана қаласының
азаматтық істер жөніндегі
ауданаралық сотының
бас маманы- сот отырысының хатшысы
Қымбат Жамбылбай