12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тілі — ұлттық тәрбие көзі

Ұлттық тәрбие — әр азаматтың ұлттық сана сезімі мен мінезінің ана тілі, туып-өскен, кіндік қаны тамған жерінің тарихы, төл мәдиениеті және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгере отырып қалыптасуы.

Демек, әр жеке тұлғаның бойында ұлттық тәрбие қалыптасуының бірден-бір қайнар көзі – бұл ана тілі.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығының, ұлттық болмысының, салт-дәстүрі мен мәдениетінің айнасы. Ол –ұлттың жаны, жүрегі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра. Қазақ тілін меңгеру арқылы жас ұрпақ өз халқының тарихын, мәдениетін, дүниетанымын терең түсініп, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады.
Тіл ұлттық тәрбиенің негізі. Ұлттың тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәлім-тәрбиелік тәжірибесінің жиынтығы. Ол ұрпақты елін, жерін, тілін, дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелейді. Бұл тәрбиенің өзегі – ана тілі, қазақ тілін меңгеру арқылы бала халқымыздың бай ауыз әдебиетімен, мақал-мәтелдерімен, шешендік сөздерімен танысып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді.
Тіл тек қатынас құралы ғана емес, ол халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен дүниетанымының көрінісі. Сондықтан да, ана тіліміз ұлттық тәрбиенің негізі, ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ар-намысты биік ұстауға баулитын тәрбие құралы болып табылады.
Қазақ тілі – халымыздың ұлттық болмысының көрінісі. Ол арқылы ұлттың дүниетанымы, өмір сүру салты, мінез-құлқы, салт дәстүрі көрініс табады. Мәселен, қазақ тіліндегі «қонақжайлық, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет» сияқты ұғымдар халқымыздың менталитетін көрсетеді. Тілді меңгеру арқылы бала осы құныдылықтарды түсініп ұлттық болмысын қалыптастырады.
Еліміздің мемлекеттік тілі – бұл ұлттық бірліктің негізі. Ол түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін, елдің тұтастығын қамтамасыз ететін құрал. Тілді меңгеру арқылы ұрпақ елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын азамат болып өседі.
Қорытындылай келе, қазақ тілі – ұлттың тәрбиенің қайнар көзі. Ана тілімізді ардақтап, оны ұрпақ бойына сіңіру – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ел болам десең, бесігіңді түзе, ал бесіктің тербетілер үні – ана тілі екенін естен шығармайық.

Ақтөбе қаласының №3 сотының судьясы Малаева Айгуль Қуанышбайқызы

Конституциялық сот – әділеттің кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заң үстемдігі. Ал...

Эксаумақтық соттылық – тараптар таңдауы

Қазақ «Тосылған судың тұнығы болмайды» дегенді тауып айтқан. Расында...

Конституция – әділеттіліктің және тәртіптің тірегі

Биыл барша қазақстандықтар үшін аса маңызды тарихи дата —...

Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекеттік қызмет: ашықтық пен сенімге апаратын жол

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет....

Исполнение решений Конституционного Суда Республики Казахстан: вызовы и пути развития

Конституционный Суд Республики Казахстан, учреждённый в рамках конституционной реформы...