Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Михаил Шайдоров — Олимпиада чемпионы

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында топ жарып, ерлер арасындағы жекелей сайыста Олимпиада чемпионы атанды. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Басқарма дерегіне сәйкес, қысқа бағдарлама нәтижесінде Михаил 92,94 ұпай еншілесе, еркін бағдарламада жоғары техникалық күрделілікті, мінсіз сырғанауды және нағыз чемпионға тән рухты паш етіп, 198,64 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпайға қол жеткізіп, Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров — Қазақ спорт және туризм академиясының студенті. 

Бұл жетістік — тарихи маңызы бар айрықша оқиға. Қазақстан спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет Олимпиада алтынын еншілеп отыр. Бұдан бөлек, қысқы Олимпиада ойындарындағы 32 жылдық үзілістен кейінгі алтын медаль ел спорты үшін ерекше кезеңнің бастауы ретінде бағаланады.

Жеңіс — табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың, жаттықтырушылар штабының кәсіби жұмысының және жан-жақты қолдаудың жемісі. Олимпиада аренасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, көк Туымыз желбіреді.

Бұл алтын — тек Михаил Шайдоровтың жеке жетістігі ғана емес, бүкіл Қазақстан мен Алматы қаласы үшін тарихи мәні зор, рухты көтерген жарқын жеңіс.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

Депутаттар Алатауға қатысты заңды қабылдады 

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Отырыста депутаттар «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын  екінші оқылымда қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты “Барыс” орденімен марапаттады

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.