12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ — білім мен парасаттың мекені

Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны бар, тарихы терең, дәстүрі берік оқу орындарының бірі-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Бұл оқу орны тек кәсіби мамандар даярлайтын білім ордасы ғана емес, сонымен қатар ұлттық ғылымның, зияткерлік әлеуеттің, рухани құндылықтардың ірі орталығы.Университеттің іргесі 1934 жылы қаланып, сол уақыттан бері еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бүгінде ҚазҰУ жетекші университеттердің көшбасшысы, әлемдік рейтингтерде лайықты орын алып отырған беделді оқу орны.ҚазҰУ-дың басты миссиясы-халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және ғылым мен инновацияны ұштастыра отырып, ел дамуына қызмет ету. Университетте білім беру үдерісі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған: цифрлық технологиялар, инновациялық оқыту әдістері, академиялық ұтқырлық және тәжірибеге бағытталған білім беру кеңінен енгізілген.Оқу бағдарламалары еңбек нарығының сұранысына бейімделіп, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Университет түлектері мемлекеттік қызметте, халықаралық ұйымдарда, ірі ұлттық және шетелдік компанияларда табысты еңбек етіп келеді.

Білім ордасы ірі ғылыми-зерттеу орталығы. Мұнда іргелі және қолданбалы ғылым салалары бойынша ауқымды зерттеулер жүргізіледі. Университет ғалымдары ұлттық және халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, инновациялық әзірлемелер ұсынуда.ҚазҰУ-да ғылыми әлеуетті дамытуға ерекше мән беріледі. Жас ғалымдарды қолдау, докторантура мен магистратура бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру-университеттің басым бағыттарының бірі. Университет зерттеулерінің нәтижелері ел экономикасы мен қоғамның дамуына нақты үлес қосып отыр.ҚазҰУ-дың құрылымындағы ең беделді және сұранысқа ие бөлімшелердің бірі-заң факультеті. Бұл факультет Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуға үлес қосқан мыңдаған кәсіби заңгерлерді даярлады. Судьялар, прокурорлар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен ғалым-заңгерлер –заң факультетінің түлектері.Факультетте құқықтық білім беру теория мен практиканы ұштастыра отырып жүргізіледі. Студенттер құқық қорғау органдарымен, сот жүйесімен, мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста тәжірибеден өтеді. Бұл болашақ мамандардың кәсіби дайындығын күшейтіп, жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырады.

Оқу ордамыз тек білім берумен шектелмей, тұлғаның жан-жақты қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Университет қабырғасында патриоттық тәрбие, азаматтық жауапкершілік, құқықтық сана мен адамгершілік құндылықтар жүйелі түрде насихатталады.Студенттер ғылыми, мәдени, әлеуметтік және еріктілік жобаларға белсенді қатысады. Университет жастары қоғамдық бастамаларға үн қосып, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ ретінде қалыптасуда. Қара шаңырақ білім кеңістігінде кеңінен танылған. Университет шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, қос дипломды бағдарламалар мен академиялық алмасуларды жүзеге асыруда.ҚазҰУ-болашаққа нық қадам басқан, үздіксіз даму үстіндегі заманауи университет. Оның басты мақсаты – ұлттық мүдде мен жаһандық үрдістерді үйлестіре отырып, еліміздің интеллектуалдық капиталына үлес қосу.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-білім мен ғылымды, дәстүр мен жаңашылдықты, ұлттық құндылық пен халықаралық стандартты үйлестірген бірегей оқу орны. ҚазҰУ -елдің ертеңін қалыптастыратын білімді де білікті, саналы да жауапты азаматтарды тәрбиелейтін рухани-зияткерлік орталық.

А.Бақтияр

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы

Конституциялық сот – Конституцияның кепілі

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы...

ҚазҰУ — ұлттың зияткерлік тірегі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары білім беру...

«Фарабитану» көптомдығының 20-томының тұсаукесері өтеді

23 желтоқсан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлық - бұл қоғамның барлық салаларында кездесетін күрделі...

Халықаралық құқықтық көмек көрсету қызметі бойынша

Халықаралық ұйымдардың актілері, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар және Қазақстан...