12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ Қытаймен қос келісім жасады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар халықаралық маңызды келісімдерге қол жеткізді.

Қол қою және құжаттармен алмасу рәсімі Бейжің қаласында өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы барысында жүзеге асты.

Атап айтқанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытайдың Jiangsu Huibo Robotics Technology Co., Ltd. компаниясы арасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен Робототехника орталығын ҚазҰУ базасында ашу рәсімі өтті.

Бұл маңызды келісім Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компаниясы – Jiangsu Huibo Robotics Technology Co., Ltd. арасындағы стратегиялық әріптестіктің нәтижесі болып табылады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев пен Jiangsu Huibo Robotics Technology Co., Ltd. (Қытай) компаниясының өкілі Ли Вэнь (Li Wen) ханым қатысты.

Бұл жоба цифрлық трансформация, жасанды интеллект және робототехника салаларындағы заманауи білім мен ғылыми жетістіктерді біріктіре отырып, жаңа буын инженерлерін даярлауға бағытталған. Тараптар болашақта ғылым мен білім саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Юань Чжэнь» инвестициялық және даму компаниясы арасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) әзірлеу, өндіру және енгізу бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісім жасалды. Құжатқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев және  «Юань Чжэнь» компаниясының бас директоры Тан Цзюлун қол қойды.

2024 жылы Қазақстанда құрылған «Юань Чжэнь» компаниясы ҰҰА саласын «білім – ғылым – өндіріс – сату» қағидатына негізделген интеграциялық үлгі бойынша дамытуды көздейді. ҚазҰУ-мен бірлескен консорциум аясында кадр даярлау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ), сериялық өндіріс пен халықаралық нарыққа шығу бағытында жүйелі жұмыстар жоспарланған.

Қос келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-инновациялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

фото авторы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Парентеральды гепатиттердің алдын алу (В, С және D вирустық гепатиттері)

Парентеральды вирустық гепатиттер - бұл зақымдалған тері және шырышты...

ИНТЕЛЛЕКТ БУДУЩЕГО РОЖДАЕТСЯ СЕГОДНЯ

Сегодня понятие «интеллект» все чаще выходит за рамки человеческого...

Образование – главный критерий конкурентоспособности в эпоху технологий

Казахстан сегодня вступил в этап глубоких преобразований, когда решающим...

Қазақстан аумағы арқылы 8 халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы геосаяси және геоэкономикалық көпірге...