12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан президентімен кездесті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін Тамаш Шуйокқа алғыс айтты.

«Сіздің бұл алғашқы ресми сапарыңыз — ынтымақтастығымызды нығайту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Мажарстан – біздің егемендігімізді алғаш мойындаған еуропалық мемлекеттердің бірі. Ал Будапешт – ресми дипломатиялық миссиямызды қабылдаған бірінші еуропалық қала. Сондықтан сіздің еліңізбен көптеген саладағы тығыз ықпалдастықты қолдаймыз. Екі елдің мүддесіне сай келетін бұл үрдіс жалғасын табатынына сенімдімін. Сол себепті біз саяси, экономикалық байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге барынша күш саламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Тамаш Шуйок қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, елдеріміздің арасында сенімге, өзара құрмет пен тарихи байланысқа негізделген белсенді диалог орнағанын атап өтті.

«Халықтарымыздың достығы ғасырлар қойнауынан тамыр тартады. Қазір де саяси қарым-қатынасымыз өте жоғары деңгейге жетті деп ойлаймын, экономикалық байланыстарымыз да қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ, таңертең өткен Digital Bridge 2025 форумында айтқанымдай, қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың болашағы зор. Біз көптеген жоба мен бастамаларды бірлесе іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Мажарстан президенті.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Мажарстанның мәдени және білім беру салаларындағы байланысын нығайтудың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективасын қарастырды.

Ақпанда инфляция 1,1% болды: Қандай тауарлар қымбаттады? 

2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда инфляцияның айлық деңгейі 1,1%-ды құрады. Бұл туралы тұтыну бағалары индексінің соңғы деректері көрсетіп отыр. Бағаның өсуі негізінен азық-түлік өнімдері мен ақылы қызметтер есебінен қалыптасты.

Таяу Шығыстан мыңға жуық Қазақстан азаматы қайтарылды

4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары отырған ұшақтар ел әуежайларына қонды.

Алматы облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізіліп жатыр 

Вегетация және су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалы өз қарауындағы су шаруашылығы нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

ƏЛЕМ НАЗАРЫ – ИРАНДА

Əлем елдерін алаңдатқан тағы бір соғыс өрті Иранда тұтанды. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды əскери операция бастағанын мəлімдеді. Өкінішке орай зымырандар тек əскери нысандарға ғана емес, бейбіт халыққа да залалын тигізді. Иранның шамамен 20 қаласына, соның ішінде Тегеран, Исфахан, Құм, Шахрияр жəне Тебризге шабуыл жасалды.

Референдум: Тіркелген жерден тыс жүрсеңіз, қалай дауыс бересіз? 

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға қатысушыларға түсіндірме жасады.