Референдум: Тіркелген жерден тыс жүрсеңіз, қалай дауыс бересіз? 

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға қатысушыларға түсіндірме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егер азамат дауыс беру күні тіркелген жерінен тыс елді мекенде болатын болса, ол есептен шығару куәлігін алу арқылы өзге учаскеде дауыс бере алады.

Ол үшін 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өзінің учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Комиссия өтініш негізінде есептен шығару куәлігін табыстайды.

Аталған куәлікті сенімхат арқылы өкіл де ала алады. Бұл ретте сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.

Маңызды: есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқасы берілмейді.

Сондай-ақ бір елді мекен шегінде орналасқан басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді.

Дауыс беру күні азамат өзі болатын жердегі учаскеге барып, есептен шығару куәлігін көрсетуі тиіс. Осыдан кейін учаскелік комиссия оны дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.

Қосымша ақпаратты тұрғылықты жердегі әкімдіктің call-орталығы арқылы алуға болады.

Комиссия өкілдері әр азаматтың дауысы маңызды екенін еске салды.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.