Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтің тиімділігі артты

2025 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, заңдылық пен әдеп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

Жыл ішінде 134 бақылау шарасы өткізіліп, 2217 заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Әдеп мәдениетін нығайту мақсатында 73 семинар ұйымдастырылып, Әдеп жөніндегі кеңесте 49 мәселе қаралды.

Департаменттің араласуымен 146 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқықтары қорғалып, 180 қызметшіге үстеме жұмыс үшін демалыс сағаттары берілді.

Азаматтардан 612 өтініш түсіп, олардың басым бөлігі қаралды. Мемлекеттік қызметке қабылдау бойынша 2700 бос лауазымға конкурс жарияланып, 1712 адам біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 17,7 млн қызмет көрсетіліп, оның 98,4%-ы электрондық форматта жүзеге асырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында талдаулар мен мониторингтер жүргізіліп, 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Дербес кассациялық сот құрудың маңызы

Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында сот жүйесінің тиімділігі мен әділдігі...

Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудағы сот төрелігінің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуында азаматтардың, соның ішінде...

Әскери соттарда сот отырыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әскери соттар жүйесі еліміз егемендік алғаннан кейін...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – құқықтық мемлекеттің негізі

Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуына елеулі қауіп төндіретін, қоғамдағы...

№21 мекемесінде «Тазару күні» өтті

Семей қаласындағы №21 мекемеде «Тазару күні» республикалық акциясы аясында...