12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қандастардың зейнетақысы қалай есептеледі?

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Виктория Шегайға Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы есептеу тәртібіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз алған депутат қарастырылып отырған заң жобасын қолдайтынын атап өтті. Бұл — екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжат.

Осы келісімнің үшінші бабына сәйкес, зейнетақы тағайындау тұрғылықты елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған орай, зейнетақы тағайындау кезінде Моңғолияда өткен еңбек өтілі қалай есепке алынады? Зейнетақыны есептеу кезінде қандай жалақы ескеріледі? Оны растау механизмі қандай? — деп сұрады Нұргүл Тау.

Министрдің міндетін атқарушы Виктория Шегай еңбек өтілін растау екі ел арасында ақпарат алмасу тәртібі арқылы жүргізілетінін айтты.

Келісім Қазақстан мен Моңғолияның құзырлы органдары арасында еңбек өтілін растауға қатысты ақпарат алмасу тәртібін қарастырады. Осылайша, Моңғолия аумағында өндірілген еңбек өтілі Қазақстанға тұрақты тұруға қоныс аударған азаматтар үшін 1998 жылға дейінгі кезең бойынша еңбек кітапшалары мен өзге де растайтын құжаттар негізінде есепке алынады. Сондай-ақ оқыту кезеңі мен әскери қызмет мерзімі де ескеріледі, — деді ол.

Шегайдың айтуынша, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі әлеуметтік жарналардың төленуі арқылы расталады.

Ал 1998 жылдан кейін Моңғолия аумағында жинақталған еңбек өтілі олардың Моңғолияның мемлекеттік әлеуметтік қорғау қорына төлеген сақтандыру жарналары арқылы расталады. Бұл ақпарат Қазақстанға да беріледі және еңбек өтілін анықтауда қолданылады, — деп түсіндірді министрдің міндетін атқарушы Мәжілісте.

ƏЛЕМ НАЗАРЫ – ИРАНДА

Əлем елдерін алаңдатқан тағы бір соғыс өрті Иранда тұтанды. 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды əскери операция бастағанын мəлімдеді. Өкінішке орай зымырандар тек əскери нысандарға ғана емес, бейбіт халыққа да залалын тигізді. Иранның шамамен 20 қаласына, соның ішінде Тегеран, Исфахан, Құм, Шахрияр жəне Тебризге шабуыл жасалды.

Референдум: Тіркелген жерден тыс жүрсеңіз, қалай дауыс бересіз? 

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға қатысушыларға түсіндірме жасады.

Air Astana Медина және Джидда қалаларына репатриациялық рейстерді жоспарлап отыр 

Air Astana Батыс Қазақстаннан Медина қаласына  және Джидда бағытына репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр.

Қазақстанда жасанды интеллект қай салаларға енгізіліп жатыр? 

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы басталып, ел көлемінде нақты өзгерістер қолға алынды. 8 бағыт пен 100 іс-шарадан тұратын жоспар мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және білім беру сияқты негізгі салаларға жасанды интеллектіні кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.

Қазақстанда емханалардағы педиатриялық учаскелер жабылып жатыр: не өзгереді?

Қазақстанда 2026 жылдың аяғына дейін емханаларда әлі де жұмыс істеп тұрған педиатриялық учаскелерді қысқарту жоспарланып отыр.