– Қайыржан Серікбайұлы, сіз Іле ауданының əкімі болып тағайындалғалы жеті ай өтті. Өнеркəсібі пен өнері қатар дамыған ауданның қоғамдық-саяси, əлеуметтік ахуалын толық саралап, күретамырын дөп баса алдыңыз ба?
– Əкімдік лауазымындағы алғашқы күнімнен бастап ауданның əр саласына терең бойлап, негізгі мəселелер мен болашақ даму бағыттарын айқындауға күш салдым. Барлық елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізу арқылы олардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын тыңдап, нақты жобаларды іске асыруды бастадық. Əлеуметтік сала, инфрақұрылым, кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы – басты басымдықтарымыз. Бүгінде ауданның экономикалық жəне əлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда, олардың алғашқы нəтижелері де көріне бастады.
– Қазіргі уақытта ауданды қандай өзгерістер күтіп тұр?
– Іле ауданы – Алматы облысының іргелі аудандарының бірі. Соңғы жылдары мұнда əлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы, ауыл шаруашылығы мен туризмнің өркендеуі басты басымдыққа айналды. Мысалы, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталған инвестициялық жобалар: «LC WAIKIKI» 150 жұмыс орнымен қамтылған сауда логистикалық орталық салу жұмыстары, жалпы инвестиция соммасы 30 млрд теңге, (2025 жылға 10 млрд көзделген) жыл басында LC Waikiki қоймасын салу жұмыстарында инженерлік инфрақұрылым жүргізу үстінде көршілес жер телімі иесімен мəселе туындады. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аталған мəселе жойылып, LC Waikiki қоймасы қолданыс актісін алып жұмысын жалғастыруда. «VOLVO GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС сервистік орталық, инвестиция соммасы 3,5 млрд теңге (2024 г. – 3,1 млрд тг, 2025 ж. – 0,4 млрд тг) 2025 жылдың наурыз айында құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды. 80 адам жұмыс орнымен қамтылған. «FEBEST» ЖШС автобөлшектерге арналған «А» санаттағы қойма, инвестиция соммасы 2,5 млрд теңге, 50 жұмыс орны бар, 2025 жылдың наурыз айында құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды. «MIREL» ЖШС «А» санатындағы қойма құрылысы, инвестиция соммасы 3,2 млрд теңге (2024 ж. – 2,5 млрд тг, 2025 ж. – 0,7 млрд тг.) 125 жұмыс орны, 2025 жылдың мамыр айында құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды. «САЯГРУПП» ЖШС қойма құрылысы, инвестиция соммасы 720 млн теңге, аталған сомма 2025 жылы тартылды. 27 адамға жұмыс орны қарастырылған, аяқталу мерзімі 2025 жылдың шілде айы деп күтілуде. Қазіргі жағдайда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 2025–2026 жылдары ауданда жалпы құны 300 млрд теңгені құрайтын 17 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
– Ауданымыздың жартысы Алатау қаласы болып бөлінді. Бұл өзгеріс ауданның экономикалық əлеуетіне қалай əсер етті? Бюджетке қандай ықпалын тигізді?
– Былтыр Алатау қаласына ауданымыздан Жетіген ауылдық округі мен Байсерке ауылдық округінің бірнеше ауылы, атап айтқанда Қоянқұс, Жаңаталап, Жаңадəуір елді мекендері өтті. Алатау қаласының 2025 жылға арналған бюджеті 4,4 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл қаражаттың 29,5% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, 18,2% жол инфрақұрылымына, ал 9,1% əлеуметтік төлемдер мен қолдау шараларына бағытталды. Ауданымыздың жартысы Алатау қаласына беріліп, соның салдарынан ауданның кірістері азайды: 2023 жылы – 241 млрд жоспарланған, 2024 жылы – 211 млрд теңге, яғни 30 млрд теңгеге кеміді. Қазір Іле ауданының бюджеті негізінен ауыл шаруашылығы мен шағын бизнестен құралады. Аумақтық өзгерістерге қарамастан облыстық трансферттер арқылы шығыс тар толық жабылды, яғни аудан əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық міндеттерді орындауды жалғастыруда.
– Территориялық өзгерістерге байланысты ауданның жалпы ахуалы қандай болмақ?
– Ауданның аумақтық өзгерістері əлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін берді. Жаңа қала құрылымының пайда болуы инфрақұрылымның қарқынды дамуына жол ашып, тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ұсынды. Бұл өзгерістер экономиканың түрлі салаларын, əсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс жəне əлеуметтік секторларды нығайтуға мүмкіндік берді. Осы бағытта біз бірнеше ірі жобаны іске асырып, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.
– Ауданға инвестиция тарту мəселесі қалай жүзеге асып жатыр? Инвесторларға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
– Іле ауданында инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда кешенді жоспар аясында жалпы құны 300 млрд теңгеге 17 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жобалардың нəтижесінде 2672 жаңа жұмыс орны ашылады. Инвесторларға ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік инфрақұрылымы салаларында кең мүмкіндіктер ұсынылып жатыр. Аталған жобалар ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуына оң əсерін тигізіп, жаңа кəсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, Іле ауданында кіші жəне орта инвестициялық жобалар да маңызды рөл атқаруда. Қазіргі уақытта жалпы құны 22,4 млрд теңгеге бағаланған 34 жоба қарастырылып жатыр. Бұл жобалар аясында сауда үйлері, монша кешендері, сауда орталықтары, дүкендер мен қоймалар салу жоспарланған. Бұл бастамалар аудан экономикасын əртараптандырып, жаңа кəсіпкерлік құрылымдардың қалыптасуына ықпал етеді. Ірі кəсіпорындар да өндірістік қуаттылығын арттыру мақсатында модернизациядан өтуде. Атап айтқанда, «ФМК» ЖШС, «JTI» ЖШС жəне «Shin Line» ЖШС кəсіпорындары өндіріс көлемін ұлғайту жəне жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл кəсіпорындар аудан экономикасына тұрақты үлес қосып, өңірлік дамуға серпін береді. Инфрақұрылымдық мəселелерді шешу де басты назарда. Жол жөндеу, электрмен жабдықтау жəне сумен қамтамасыз ету секілді инфрақұрылымдық жобалар бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. LC Waikiki компаниясының қойма салу жөніндегі инвестициялық жобасына байланысты жер мəселелері туындаған болатын. Қазіргі таңда жер иелерімен келіссөздер жүргізіліп, инвесторларға қажетті қолдау көрсетілді. Аталған жоба қолданыс актісін алып іске қосылды, жаңа жұмыс орындары құрылды. Сондай-ақ, тоқтап тұрған жобалар анықталып, оларды қайта жандандыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Жер учаскесінің игерілмеуі салдарынан кейбір жобалар уақытша тоқтап тұрғанымен, тиісті шаралар қабылданып, олардың іске қосылуына мүмкіндік жасалуда. Іле ауданының инвестициялық қоры өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін ауқымды жобаларды қамтиды. Ірі жəне шағын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды жақсартуға жəне кəсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай жасайды. Инвес торлармен белсенді жұмыс жүргізіліп, барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғаса береді.
– Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қалай жүргізілуде? Бұл бағытта қандай нəтижелер бар?
– Ауданымызда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы көлемі 39680,58 га (131 меншік иесі жəне жер пайдаланушылар) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылмай жатқандығы анықталды, оның ішінде: көлемі 2230,0 га 2 жер пайдаланушы бойынша жалға алу шартын мəжбүрлеп бұзу үшін материалдар сотқа берілді. Көлемі 3000,00 гектар 1 жер пайдаланушы бойынша жалға алу шартын мəжбүрлеп бұзу үшін 16.04.2025 жылы сот отырысының шешімімен мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арыз қанағаттанды. 2 жер пайдаланушы жалпы көлемі 1552,95 гектар жер телімі қайта пайдалануға кірісті. Көлемі 5118,6092 га 33 жер пайдаланушы пайдаланылмай жатқан жеке меншіктегі жер телімі бойынша шара қолдану үшін «Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті республикалық» ММ-не 4 хат жолданды – көлемі 28913,0292 га 92 жер пайдаланушы бойынша «Қазпошта» АҚ-ы арқылы хабарлама жолданғандығын мəлімдеймін.
– Халыққа қолжетімді баспана ұсыну бағытында қандай шаралар қолға алынбақ?
– Тұрғын үй мəселесі – біз үшін басым бағыттардың бірі. 2024 жылы əлеуметтік осал топтарға 152 пəтер беріліп, 2025 жылы тағы 200 жалдамалы пəтер беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылында үш жаңа көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 5 437 азамат тіркелген. Бұл мəселені шешу мақсатында 2024 жылы əлеуметтік осал топтағы 152 азаматқа пəтер берілді. Ал 2025 жылы тағы 200 жалдамалы пəтерді ұсыну жоспарланып отыр. Өтеген батыр ауылында құрылысы үш 72 пəтерлі тұрғын үйдің екеуінің құрылысы аяқталды, бір көппəтерлі тұрғын үйдің құрылысы тамыз айында аяқталуы жоспарлануда. Бұл үйлер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сəйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Іле ауданында əлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмысты одан əрі күшейтіп, ауданның инфрақұрылымын дамыту жəне тұрғындардың өмір сапасын арттыру үшін бар күшімізді саламыз. Осылайша, əлеуметтік ахуалды жақсартып, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нақты қадамдар жасаймыз.
– Ауданның дамуы үшін қандай стратегиялық бағыттар белгіленді?
– Ауданның дамуы үшін стратегиялық бағыттарымыз бірнеше саланы қамтиды: инфрақұрылымдық даму, əлеуметтік жобалар, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, экологияны қорғау, кəсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру. Біз осы бағыттар бойынша жұмыстарды жандандырып, ауданымыздың болашағын дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қауіпсіз жəне қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мəн берудеміз.
– Ауылішілік жолдардың сапасы қандай деңгейде? Тұрғындар облыстық жолдардың жағдайына жиі шағымданады. Бұл мəселенің шешімі не себепті ұзаққа созылуда?
– Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы 82 көшеге жөндеу жұмыстары аяқталса, 2025 жылы тағы 84 көшені жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдар да ұзақ мерзімді жөндеуді қажет етеді, бұл жұмыстар сапалы əрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Əрбір жоба толықтай техникалық сараптамадан өтіп, тиісті қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Жол сапасын, жолдың жақсы жəне қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру үшін, жыл сайын ауылішілік көшелерге кезең-кезеңімен əр түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аудан əкімі ретінде менің басты мақсатым – барлық салада ауданымыздың əлеуетін арттыру. Біз тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу жəне қолайлы орта қалыптастыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз.
– Сұхбаттыңызға рақмет.
Қуаныш ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»