12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы аға инспектор Жанболат Абдраханов пен аға инспектор Мұрат Құрбаналиев мен Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Д.Досалыев қатысуымен пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандарға құқық бұзушылықтардың алдын алу түсіндірілді.

Аталған жиынға он бес сотталған қатысып, қалалық прокурорына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Аталған іс-шара пробация қызметінде есепте тұрғандармен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, прокурорлар пробация қызметінде есепте тұрғандарға пробациялық бақылауды бұзған жағдайда (сот жүктеген міндеттерді орындамағанда, қайталап қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда, пробация қызметіне келмегенде және т.б.), сотпен тағайындалған жаза неғұрлым ауыр жазаға ауыстырылатынын ескертті.

Қазіргі таңда Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу бойынша пробация қызметі мен қалалық прокуратура өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында, ПҚБ есебінде тұрған сотталғандар жағынан қайта қылмыстар мен құқық бузушылықтың алдын-алу мақсатында бірлесіп бірқатар жұмыстар өткізуде. Бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған тұлғаларды Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Д.Досалыев мырзамен кездестірудегі мақсатымыз, пробация есебінде тұрған сотталғандар қайта қылмыс жасаудың салдары ауыр екенін түсіндіру. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан жасалуы мүмкін болатын қайта құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың алдын-алу, жолын кесу болып табылады. Пробация қызметінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, тіркеудегі сотталған тұлғаларды тексеру кезінде мекен-жайыдан, қала тұрғындары демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақытта жүрмеуі де қатаң ескертілді. Өткізілген іс-шаралар барысында аталған тұлғалар арасында жазасын өтеуден бас тарту немесе басқа да құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Түркістан қалалық пробация қызметі сот органдарына сотталған тұлғаларға қатысты жазасын өтеудегі сынақ мерзімін ұзарту немесе қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру жайлы ұсыныстар енгізетіні де айтылды. Сотталғандармен толық тұрғыда әңгімелесу жүргізіліп, жазасын өтеу тәртіптері мен сотпен анықталған міндеттер және оларды бұзудың салдары қосымша түсіндірілді, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы Жанболат Абдраханов.

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...