«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде

Ағымдағы жылдың қараша айының 20-сы мен 30-ы күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» атты Республикалық іс-шара өтуіне байланысты Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларына және жұмыс орындарына тексеру жүргізілді. Оған Бәйдібек аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторлары мен прокуратура органдарының қызметкерлері қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – есепте тұрған тұлғалардың әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және қоғамдық ортаға бейімдеп, түзу жолға түсуіне қолымыздан келгенінше ықпал жасау болып табылады. Сонымен қатар, отбасылық жағдайына зерделеу жүргізіліп, тұрақты жұмысы болмаған жағдайда тиісті мекемелерге сұраныс хаттар жолдап, әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету назарға алынған.

Қазіргі таңда пробация қызметінің есебінен жалпы — 108 сотталған адам өтті, есепке қойылғандардың саны — 58 адам, есептен шығарылғандардың саны – 54 адам, есептік кезең соңында — 54 адам, оның ішінде 3 әйел азаматшасытұр. Сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларымен жұмыс орындарына жиі тексерулердің және профилактикалық сұхбаттардың нәтижесінде осы жылдың 11 айында қайта қылмысқа жол берілген жоқ, ал былтыр екі қылмыс орын алған болатын. Жыл басында аудан әкімінің қаулысымен пробация қызметінің тіркеуінде тұрған жұмыссыз тұлғаларды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 4 квота белгіленіп, үш айдың қорытындысымен төртеуі де толық орындалып, тұрақты жұмыспен қамтылды. Енді есепте тұрған 5 жұмыссыз адамды жұмыспен қамту мақсатында жергілікті мекемелерге сұраныс хаттар жолданып, жұмыссыздар санатында тіркелді. Алдағы уақытта тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасына материалдық қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.

Мәди Дәулетов,

Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық пробация қызметі

бөлімшесінің бастығы, әділет майоры

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...