spot_img
spot_img

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ ЗАҢСЫЗДЫҚТАН ҚОРҒАЙДЫ

Білікті заң көмегін алуға елімізде Конституциямен кепілдік берілген. Ата Заңмен кепілдендірілген құқықтарды толыққанды пайдалану, түрлі заңсыздықтың алдын алу, одан қорғану адам баласына құқықтық білім-білігін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бүгінгідей ақпараттық технологиялар ғарыштық жылдамдықпен дамыған заманда бұған толықтай мүмкіндік бар. Бұл үшін, әрине, қоғам, ондағы БАҚ-тар, заңгерлер, т.б. тарапынан көмек болуы, яғни, жаңадан қабылданған, өзгертіліп, толықтырылған заңдар халыққа үздіксіз насихатталуы керек.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру ел саясатының басым бағыттарының бірі болғандықтан, соттар жұмысы халықтық сипатқа ие. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, қалпына келтіруде Қазақстан заңдары әлемдік стандарттарға сай дамып жатыр. Ал, оларды жұртшылыққа түсіндіру біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде заңнамаларда көзделген жағдайларда құқықтық түсіндірулер тегін көрсетіліп, әлеуметтік жағынан әлсіз топтар ақысыз қорғалады. Осы ретте айтар болсақ, заң көмегін тегін көрсету нормалары Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі мен, Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңында айқындалған.

Азаматтық процестік кодекстің 112-бабына сай, соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыс бабында мертігу немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде талапкерлерге, сондай-ақ, қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топ мүгедектері, жасы бойынша зейнеткерлер санатындағы талапкерлер мен жауапкерлерге, алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, т.б. заңмен айқындалған нормалар бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға міндетті. Аталған жағдайларда адвокат, заңды өкілдер көрсететін, сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Бұл нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлерге де қолданылады.

Ал, адвокат пен заң консультанты қызметіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. АПК-нің 112-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, бірінші бөлікте көзделген жағдайларда заң көмегіне ақы төлеуден және өзінің атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы өтінішхатқа осы адамның бюджет қаражаты есебінен заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркеледі.

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 28-1-бабымен заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі бекітілген. Осыған сай, заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысуын заң консультанттарының палаталары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырады.

Заңгер ғалым Салық Зиманов «Өркениетті қоғам болу үшін, алдымен халықтың рухани амандығы, екінші, заңдылық, үшінші, ғылым болуы керек. Осы үш тірек өркениеттілікті құрайды. Халықтың рухани амандығы деген ұғымға оның денсаулығы, мәдениеті, білімі бәрі-бәрі кіреді. Ал заң болмаған жерде қылмыс қаулап, елдің экономикасы дамымайды. Осыған орай айтарым, ғылымның нәтижесін пайдалана білу керек» дегенді бекер айтқан жоқ.

Кез келген заң адам мүддесі мен ел игілігіне арналатындықтан, оны құрметтепқастерлеу әрбір азаматтың борышы. Олай дейтініміз ел заңдарына құрмет болғанда ғана құқықтық мәдениет салтанат құрады. Жалпы Конституция бойынша өмір сүру демократияның ең жоғары мектебі. Осы себепті, заңмен бекітілген құндылықтарды, қағидаттар мен нормаларды білу баршаға міндет. Заңы үстем елде қашан да тыныштық пен тұрақтылық болып, экономика жоғары қарқынмен дамитынын есте ұстайық.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Пахрадін Айжан Зарқұмқызы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...