Қырғызстанның экс-президенті тағы 10 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Құмтөр ісі бойынша кінәлі деп танылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қашқын экс-президент 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұрынғы үкімдерді ескере отырып, Бакиев жалпы 30 жыл түрмеде отыруы керек.

«Бішкек Первомай аудандық сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімі бойынша Құрманбек Бакиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық Кодексінің 336-бабы 2-бөлігінде көзделген «Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың мүддесінде жасалған немесе ауыр зиян келтірген сыбайлас жемқорлық» қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды», — деп жазды басылым.

Сондай-ақ, үкімде Құрманбек Бакиевтің мүлкі тәркіленіп, жазасын өтегеннен кейін үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтыны айтылған.

Дәл осы іс бойынша экс-президенттің ұлы Максим Бакиев 13 жылға сотталды. Бұрынғы сот шешімдері негізінде ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ал оның орынбасары Алексей Құмтөр ісі бойынша 12 жылға сотталған. Бұрынғы үкімдерін ескере отырып, ол 30 жыл түрмеде отыруы керек.

Геология және минералдық ресурстар агенттігінің бұрынғы басшысы Қапар Құрманалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы сот шешімін ескере отырып, ол 13 жыл түрмеде отыруы керек.

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....

АПОСТИЛЬ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНДАҒЫ СОТ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы немесе...