Қылмыстық іс жүргізуде адам құқығының әділ қорғалуы маңызды

Заңы үстемдік құрған, бірлігі бекем, қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыру баршаға ортақ, сондықтан, бұл жолда әрбір қазақстандықтың жауапкершілігі ерекше. Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылады. Бұл қағида Ата Заңмен бекітілген, сондықтан, оның  қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық сатысында сақталуы міндет.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың әділ тергеп-тексерілуін, кінәлі адамдардың  жауапкершілікке заң аясында тартылуын, сонымен қатар, әр адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету қылмыстық процестің басты мақсаты саналады.

 Еліміздің қылмыстық процестік кодексі адамның қадір-қасиетін құрметтеу, заңдылықты сақтау, сот арқылы қорғалу және әділ сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттарына бағытталған.

Конституциямен көзделгендей, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқылы. Аталған қағидаттар қылмыстық іс жүргізуде күдікті мен айыпталушыға, жәбірленушіге, процестің өзге де қатысушыларына бірдей қолданылады.

Кінәсіздік презумпциясы қылмыстық процестегі маңызды кепілдіктердің бірі болып табылады. Конституция талабына сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана белгіленеді. Сонымен қатар, ешбір адамға  өзінің кінәсіздігін дәлелдеу міндеті жүктелмейді. Әрі барлық күмән айыпталушының пайдасына шешіледі. Қылмыстық-процестік кодексте адамның жеке басын, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, жеке өмірдің құпиялылығы, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау секілді конституциялық құқықтарды сақтау кепілдіктері нақтыланған.

Тергеу әрекеттері, процестік мәжбүрлеу шаралары заң тәртібімен әрі нақты  негіздер болған кезде ғана қолданылады. Қылмыстық процестегі жариялылық пен ашықтық қағидаттары жоғары мәнге ие. Мәселен, сот отырыстарының  заң талабына сай ашық өткізілуі қоғамның сот төрелігіне деген сенімін арттырады.

Сонымен бірге азаматтардың қорғаушы көмегіне жүгіну құқығы заңмен кепілдендірілген. Мысалы, ұсталған немесе күдікті деп танылғанға құқықтары түсіндіріліп, қорғаушымен кездесуге мүмкіндік беріледі. Әділ сот талқылауын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі осы тұстан басталады.

Жәбірленушілердің құқықтарын қорғау қылмыстық процестің негізгі міндеттерінің қатарына жатады. Сондықтан, олар өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, келтірілген залалды өтеуді талап ету үшін және іс бойынша қабылданған процестік шешімдерге шағым жасай алады.

Сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан реформалар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Атап айтқанда,  саладағы цифрлық технологиялар, сот процестерінің ашықтығы, электронды қызметтер сот төрелігінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға жол ашуда.

Адам құқықтарын қорғау  тек құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар, соттардың да басты міндеті. Себебі, олар заң үстемдігін қамтамасыз етудің көш басында тұр. 

Бейнегуль Кайсина,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Қылмыстық заңнама өзгерісті қажет етеді

Қазіргі таңда қылмыстық теріс қылыққа қатысты істі қабылдағаннан кейін...

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...