Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне психологиялық тренинг өтті

“Сенімен Болашақ” қоғамдық бірлестігінің директоры — Арапбай Шерхан Жұмабекұлы, осы бірлестік психологтары Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы мен Баянова Жұмакүл Тасболатқызы Қызылорда  облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің қызметкерлеріне “Қарым-қатынас, өзара іс-қимыл және өзара түсіністік” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Бұл тренингтің мақсаты – психологиялық әсер ету арқылы адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру, ұжымдастарымен қарым-қатынасты одан әрі жақсарту болып табылады. Тренинг барысында әрбір қызметкердің өзге ұжымдастары арасындағы қарым-қатынастар талқыланып, әр қызметкер ортаға өз ойын толық айтты,-деді “Сенімен Болашақ” қоғамдық бірлестігінің директоры Арапбай Шерхан Жұмабекұлы.

Әрбір адамның өмірі өлшеулі. Осы өлшеулі өмірде жұмыстан бас алмай, жұмыс барысында түрлі жағдайда ұжыммен қарым-қатынасты нығайтуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Осы тренинг барысында ұжымдастарымның жұмыстан тыс уақыттағы қызығушылықтары қандай екендігін біліп жатырмыз. Қызмет барысында күйзеліске түсіп жүргендеріміз жаттығу барысында бір мәрте сергіп қалдық. Бұл, әрине, тамаша сезім! Әріптестеріммен ойнап-күлгеніміздің өзі бір естелік! Себепкер болып жатқан сіздерге алғысымыз шексіз!,-деді өз сөзінде мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі Мақсат Досанов.

Сондай — ақ, қызметкерлер арасында психологиялық тұрғыдан қолдау, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту және мекеме қызметкерлерінің қандай жағдай болмасын, ортақ мақсатқа бірігуге дағдылану, сенімділігін қалыптастыру, стресті ахуалдар мен кикілжіңді жағдайларда салмақтылықты сақтай білу, сонымен қатар әріптестері арасында  коммуникативті дағдыларды қалыптастыру әдістері үйретілді. Олармен бірге сергіту жаттығулары және қызметкерлердің рухын көтеру үшін арнайы ойындар ойнатылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...