Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мекеме басшылық құрамы сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысты

Қызылорда облыстық медицина орталығы басшысының бірінші орынбасары мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мекеме басшылық құрамы сотталғандардың денсаулық жағдайымен танысып, жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Медицина қызметкерлері мекемені аралау барысында сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді арттыру және медициналық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесін құру басты мақсат болып табылатынын атап өтті.

Біздің мақсатымыз сотталғандарды қазіргі заманғы тексеру, диагностика және емдеу әдістеріне қол жетімділігі кең болуына көз жеткізу. Олардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, — деді Жұмаш Нұржан.

Өз кезегінде ҚР ІІМ ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Мақсұт Өтегенұлы сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету ажырамас құқығы екенін атап өтті.

Менің бүйрегіме ота жасалған. Басқа адамның бүйрегімен жүргеніме биыл 5 жыл. Соңғы кезде денсаулығым сыр беріп, бүйрегімнің де ауырғаны қайта басталды. Қандай ем-шара қолдансам болады?, — деп сауал қойды сотталған П. Есімді азамат.

Өз кезегінде мамандар аурудың белгілерін сұрап, сотталған азаматтың денсаулық тарихымен танысып, тағы бір тексеріс жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...

Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте тергеуі туралы ақпараттан хабардар

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен байланыс ақпаратқа техникалық тексеру жүргізуде....

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...