Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азаматқа ескерту берілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бақылауына алынған әрбір тұлғамен пробация инспекторлары профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Оларға сот жүктелген міндеттерді,жазаөтеудің тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, әлеуметтік-құқықтық көмекті қажет ететіндерге көмектер көрсетіледі. Есептегі тұлғалар ай сайын пробация есебіне тіркеуге келеді. Осы тұлғалардың арасында жаза өтеуден жалтарып, жаза өтеу тәртібі мен шарттарын біле тұра тіркеуге келмей жүргендер де бар .Осындай тұлғаның бірі А есімді азамат бірнеше рет тіркеу күндері екенін біле тұра тіркеуге себепсіз келмегені үшін, сотталғанның іс әрекеті жаза өтеу тәртібін бұзуға жатқызылып, ескерту берілді. Сондай -ақ Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі Д.Сәдуақасовтың қатысуымен профилактикалық мәні бар сұхбат жүргізілді.Сұхбат барысында сотталғанға жаза өтеп жүріп, қайта қылмыс жасаса немесе тіркеуге келмей қашып жүрсе іс -құжаттары жинақталып, бас бостандығын шектеуді,бас бостандығынан айыруға сотқа ұсыныс берілетінін жеткізді. Есептегі азамат өз қателігін түсініп, алдағы уақытта мерзімінде тіркеуге келетінін айтты.

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...