12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ САУДА ҮЙЛЕР МЕН БАЗАРЛАРДА РЕЙДТЕР ӨТКІЗДІ

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлықтың аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының сауда үйлері мен базарларында рейдтер өткізді.

Полиция қызметкерлері сатылатын тауардың арасынан марихуана бейнеленген киім-кешек іздеді. Рейд барысында кәсіпкерлерге қарасора жапырақтары бейнеленген киімдерді сатуға жол бермеу туралы ескертілді және заң тұрғысынан бұл есірткіні насихаттау және жарнамалау болып табылатындығын түсіндірді.

Рейд барысында кәсіпкер-қожайындарға, бутиктер мен сауда нүктелерінің сатушыларына қажетті ақпараты бар флайерлер таратылып, әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 300, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді, лицензиядан айырумен немесе онсыз.

Сатушылар полицейлерге түсініктемелер мен алынған жадынамалар үшін алғыс білдірді, сонымен қатар растаман символикасы деп аталатын киім сатуға рұқсат берілмейтінін білмегендерін мойындады.

Осындай рейдтер жүргізу тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...