Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департамаентіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жігіттері ұжымдағы әйелдер қауымын құттықтады

Көктемнің алғашқы мейрамы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қар еріп, жылғалардан су ағып,нәзік құлпырған гүлдердің бүршік атып жататын уақытымен тұспа-тұс келетін мереке.

Осындай шуақты мерекеде Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жігіттері ұжымдағы әйелдер қауымын құттықтап, ана, махаббат тақырыбында ән айтып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Қызметкерлердің анасына «Офицер анасы» медальдарын тағып, мекеме жұмысын жандандыруда өз үлесін қосып жүрген медецина, журналистика саласындағы қыз-келіншектер мен тергеу изоляторы қызметіндегі үздік жұмыс атқарып жүрген погондағы арулар мен ерікті жалдамалы қызметкерлер де марапатталып, қошемет пен сый құрметке ие болды.

Сонымен қатар, бұл күні қылмыстық атқару жүйесінде талай жылдар еңбек еткен зейткерлер арнайы шақыртылып, құрметті қонақ болды.

Ал еңбек жолын осында бастап, 14 жыл бойы мекеменің медицина бөлімінде жұмыс жасаған, әділет старшинасы, Егізбаева Айжан Күмісбекқызын салтанатты түрде зейнетке шығарып салды.

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...

Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою,...

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан...

Республика күні – тәуелсіздіктің темірқазығы

Республика күні халқымыздың тарихындағы айрықша маңызға ие, мемлекетіміздің қалыптасуы...