Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесі сотталғандарды жұмыспен қамтуды басты назарда ұстайды

Жуырда жұмысқа орналасқан 5 сотталған қала ішіндегі жеке кәсіпкерде келісім шарт арқылы жұмыс жасайды. Олар ағаштан үй жиһаздарын жасаумен айналысады. Осы мекемедегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Естай Шаметтің айтуынша, жазасын өтеушілердің еңбекке жарамдылары толықтай жұмыспен қамтылған.

Қала ішінде жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталғандарды жұмыс орындарынан күнделікті мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ таңертең жұмысқа шығар уақытта да жұмыс кезіндегі техникалық ережелерді сақтау керектігі де түсіндіріледі. Сотталғандарды жұмыспен қамту оларды қылмыстық ортадан алшақтатуға және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірде бейімдеуге мүмкіндік береді. Мекеме әкімшілігі сотталғандарды толық жұмыспен қамту арқылы олардың мемлекет, жеке тұлға алдындағы шығынын өтеуге көмектеседі,- дейді әлідет лейтенанты Естай Шамет.

Ағаштан түйін түйген сотталғандар арасында бұрын ағаш ұстасы болған А. есімді азамат бар екен. Оның айтуынша абайсызда жол-көлік оқиғасын жасап сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған . Жақында ғана жұмысқа орналасқан сотталған үй жиһаздарын бір кісідей жасап жатыр.

-Барлығы тапсырыспен жасалады. Жиһазға қажетті заттарды жеке кәсіпкер алып береді. Біз уақытылы тапсырысын орындап дайындап қоямыз. Уақытымды бос өткізгенше, қолымнан келетін жұмысты мекеме әкімшілігіне айтқанмын, жұмысқа орналастырды. Ойым да бөлініп, отбасыма да жалақымнан жіберіп тұратын болдым. Мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз»,- дейді соталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Медиация в судебном порядке

Наше общество состоит из множества общественных взаимоотношений и, разумется,...

Спартакиада прошла успешно

В канун Дня судьи и работника суда, а также...

Кассационный суд по гражданским делам

C 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...

Верность профессии

24 июня в Республики Казахстан пятый год празднуется профессиональный...

Справедливый суд – опора государства

ОФИЦИАЛЬНАЯ ИСТОРИЯ КАРАГАНДИНСКОГО ОБЛАСТНОГО СУДА БЕРЕТ СВОЕ НАЧАЛО 29...