Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында күйдірілген кірпіш өндіреді

Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесі Қылмыстық-атқару жүйесі қызметіндегі ең басты басым бағыттардың бірі. Бүгінде сот үкімі бойынша бостандығынан айырылған азаматтарды ҚАЖД №60 мекемесінде 15 кәсіпорын жұмыспен қамтып отыр. Солардың бірі 25 жұмысшысы бар кірпіш өндіру орны.

Бұл кәсіпорынға жазасын өтеушілер өз еркімен орналасады. I, II топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекеттен жәрдемақы алатындықтан жұмысқа алынбайды. Сонымен қатар зейнет жасына жеткендер де қабылданбайды. Қалған барлығын мүмкіндігінше қабылдауға тырысамыз – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің инспекторы Тлеубекова Толқынай.
Жұмысшылардың бірі А. есімді азамат. Сотталғанға дейін оның тұрақты жұмысы болмаған.

Мен үшін жұмыс өте маңызды. Өйткені, жұмыс барысында жағымсыз ойлар мен эмоциялардан алшақтап, ең бастысы өзіме де, қоғамға да пайдалы уақыт өткіземін.
Бүгін кірпіш күйдіру жұмысын аяқтадым. Атқарылған жұмыстың нәтижесін көру қандай жақсы. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.
Сүйікті ісіммен айналысу маған шығармашылық күш пен бостандыққа шығуға үміт сыйлайды — деді сотталған өз еңбегінің жемісіне риза болып.
Шынында да, бұл кәсіпорындағы 25 сотталғанның еңбекпен айналысуы олардың мінез-құлқына игі әсерін береді.
Ең бастысы жеке тұлға ретінде дамуын арттырып, бойларында өз — өздеріне деген сенімділікті нық орнатуға үлкен әсері бар. Яғни, жұмыспен айналысу сотталғандар үшін – босатандыққа бастайтын жол.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...